Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар «OPEN TERENKOL» қызметтер қол жетімді болады
«OPEN TERENKOL» қызметтер қол жетімді болады

IMG_7128

Жұма, 22 мамыр күні аудан орталығы Тереңкөл ауылында «Ертіс адалдық алаңы» кеңселік жобасы жұмысының аясында мемлекеттік мекеме қызметкерлері халыққа қызмет көрсететін «OPEN TERENKOL» орталығы ашылды.
Шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Ернұр Әйткенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері бойынша басқармасының басшысы Назымбек Бекжанов, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілі, «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіби одағы» ҚБ нің өкілі, ТМД мониторинг тобының мүшесі және Павлодар облысы әкімі аппаратының өкілдері қатысты.
Бұл жобада халыққа аудандық жұмыспен қамту, білім беру, жер қатынастары, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің мамандарымен қызмет көрсетіледі. «OPEN TERENKOL» орталығы аудан тұрғындарының түрлі мәселелерін шешуде таптырмас орын. Мұнда құқықтық, әлеуметтік көмектер көрсетіліп, халық пен билік арасындағы мәселелер тікелей жедел, тиімді шешу қарастырылады. Бір сөзбен айтқанда Президент Қасым – Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үнінен құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасына негізделген жұмыстар.
Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі осы бір игі бастаманың халық үшін жасалынып отырғанын атап өтіп, бұл жерде аудан тұрғындары бір жерден екінші қабатқа көтерілмей ақ, өздерінің мәселелерін шешіп кетуге мүмкіндік алатынын жеткізіп, жиналғандары құттықтады.
Азаматтарды қабылдау «Openspace» қағидаты бойынша жүргізіледі., яғни қызмет көрсету ашық үлгідегі үй-жайда кабинеттер мен қалқаларсыз жүргізіледі. Азаматтармен жұмыс істеу процесі бақыланады.
Осы орталықта 37 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Бұл жобаның тағы бір артықшылығы – бұл біздің ауылдың әр жерінде орналасқан бөлімдерді іздестірмей, бір ғимаратта мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі.
«OPEN TERENKOL» жобасы барлық салаларда түрлі мәселелерді қарауға мүмкіндік береді. Ең бапстысы халық пен мемлекеттік аппарат арасындағы диалогты орнату.
«OPEN TERENKOL» жобасы аудан орталығы Тереңкөл ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратындағы бірінші қабатта орналасқан. Барлық аудан тұрғындарына қолжетімді. Сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9.00 ден 18.30 ға дейін, түскі үзіліс 13.00 ден 14.30 ға дейін ашық.

Бүгін аудан әкімі Е.Н. Әйткеновтың қатысуымен «Ертіс адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы аясында біздің ауданда «OPENTERENKOL» сервистік әкімдігі ашылды. Ашылу салтанатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасының басшысы Бекжанов Назымбек Алпысбайұлы, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет Істері департаментінің өкілі, «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіби одағы» ҚБ-нің өкілі, ТМД мониторинг тобының мүшесі және Павлодар облысы әкімі аппаратының өкілдері қатысты. "OPENTERENKOL" жобасы аудан тұрғындарына ауданның мемлекеттік мекемелерінің өкілдеріне тікелей сұрақтар, мәселелер, шағымдармен және ұсыныстармен жүгінуге мүмкіндік береді.
Аталған жоба жұмыспен қамту, білім беру, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мамандарынан кеңес алуға мүмкіндік береді. "OpenTerenkol" жобасының мақсаты-аудан тұрғындарының мәселелері тиімді және жедел шешу, құқықтық және әлеуметтік қорғау, қызмет көрсету сапасын арттыру және халықпен ашық диалог жасау.
Азаматтарды қабылдау "Openspace" қағидаты бойынша жүргізіледі, яғни қызмет көрсету ашық үлгідегі үй-жайда кабинеттер мен қалқаларсыз жүргізіледі. Азаматтармен жұмыс істеу процесі бақыланады.
Осы орталықта 37 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Осы жобаның тағы бір артықшылығы-бұл біздің ауылдың әр бұрышында орналасқан бөлімдерді іздестірмей, бір ғимаратта мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі. "OPENTERENKOL" жобасы барлық салаларда түрлі мәселелерді қарауға мүмкіндік береді.
Жоба Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылды. Оның негізгі мақсаты мемлекеттік аппарат пен халық арасындағы диалогты қамтамасыз ету болып табылады. "OpenTerenkol" сенбі мен жексенбіден басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13 00-ден 14.30-ға дейін ашық.

 

 

Соңғы жаңалықтар