Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар ЖАҢА ӘКІМГЕ ЖАҢА МІНДЕТТЕР
ЖАҢА ӘКІМГЕ ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Өткен жұма, 8 қараша күні аудан әкімі Е.Әйткенов Октябрь ауылдық округінде болып, жаңадан сайланған ауыл әкімі Р.Айтмағамбетовты ауыл тұрғындарына таныстырды.
Аудан әкімі барлық заң талаптарына сәйкес ауыл әкімінің сайлауы өтіп, өзінің осы күнгі өкімімен ауылға жаңа әкімді тағайындап отырғанын жеткізді. Ризабек Бауыржанұлы бұғанға дейін мемлекеттік қызметте және басқаруышылық лауазымда мол тәжірибесі бар екеніні айта келе, ауыл әкімінің алдына бірқатар міндеттер қойды.
Ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары А.Апсалықов "мал ұрлығының алдын алу, қараусыз мал үшін жауапкершілік туралы", аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы С.Қалияшев "жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы", аудандық аурухананың консультациялық - диагностикалық бөлімінің меңгерушісі А.Исенова 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы" баяндама жасады.
Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады.