Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар Жәрмеңке
Жәрмеңке

Күз келісімен халықтың ауылшаруашылық тауарларына деген сұранысы артатыны белгілі. Себебі арзан әрі сапалы мал өнімдері ет пен сүтке деген халықтың сұранысы ерекше.
Аудан орталығындағы «Базарбек» әмбебап сауда базарында әр апта сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Бұл халықтың сұранысына ыңғайлы. Себебі бұл жерден тұрғындар өздеріне ұнаған, қалтасы көтере алатын бағаға ауылшаруашылық тауарларын сатып ала алады.
Сенбі күні Ивановка ауылдық округінен ірі қара малдың еті мен сүт өнімдерін саудалаушылар болды. Еттің келісі 1700 теңгеден болса, сүттің литірі – 150 теңгеден, ірімшік – 400, сары май – 2500, кілегей -700 теңгеден саудаланды. Сонымен қоса базар алдындағы сөрелерде қаладан келген жеке кәсіпкерлер ірімшік пен май, шұжық, балық және тағы басқа азық – түлік өнімдерін саудалады.
Базардағы өнім түрлерін аралап көріп шыққан аудан әкімі алдағы аптада және ауыл шаруашылық қызметкерлер күніне орай кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізіуді тапсырды.


Өз тілшіміз