Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

(1)

(4)

 

Өткен сенбі, 28 қыркүйек күні Павлодар облысына ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында облыс әкімі Болат Бақауовпен бірге облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге маманданған бірқатар нысандарды аралады.
Осы сапар барысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі мен облыс әкімі біздің ауданымыздағы ірі шаруашылықтардың бірі, биыл ғана инвестициялық жоба арқылы іске қосылған – "Astyk PV" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Министрмен кездесуде "Astyk PV" ЖШС-нің өкілдері 700 бас ірі қара малға арналған тауарлы - сүт фермасының жобасын, оның жұмыстарымен таныстырды.
Аталмыш шаруашылық сүтті мал шаруашылығы, егіншілік және көкөніс өсірумен айналысады. 2799 гектар жайылымдық жері, 5101 га егістік жері және 750 га суармалы алқаптары бар. Биылғы жылы 700 бас малға арналған тауарлы - сүт фермасын ашып, сыйымдылығы 6,5 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы, машина - трактор паркі, үлкен кешені бар. Бұл инвестициялық жоба 478,9 миллион теңгеге мемлекеттің көмегінің арқасында тұрғызылған. Шаруашылықта 110 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмсалған шығын он жылдың ішінде өзін - өзі ақтайды деген сенім бар.
Сапархан Омаров Железин ауданының "Пахарь" ЖШС-де осы саладағы облыстың ірі шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өткізді. Бұл кездесуге Тереңкөл ауданының бизнес өкілдерінен "Astyk PV", "Карпенко", "Вильгельм", "Шаров", "Ященко" шаруа қожалықтарының басшылары қатынасып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.
Ауыл шаруашылығы министрі осы күні облыстың өзге аудандарындағы шаруашылықтарды, күзгі жиын – терін барысымен танысты.