Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар АНА КӨМЕК СҰРАЙДЫ
АНА КӨМЕК СҰРАЙДЫ

Өткен жұма, 13 қыркүйек күні "NurOtan" партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлмира Нұрханова азаматтардың көшпелі қабылдауын өткізді.
Қабылдауға ауданның он бір азаматы жазылған болатын. Олар өздерін толғандыратын мәселелер бойынша көмек сұрады. Мәселелер атаулы әлеуметтік көмек алуға, зейнетақы мен тұрғын үймен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, қарыз жүктемесінің төмендетуіне, баға белгілеу саласына қатысты болды. Солардың бірі Тегістік ауылының тұрғыны Ақмарал Бишель аудан орталығында тұрғын үй сатып алуға көмектесуді сұрады. Ол мүгедек ұлымен бірге тұрады, ауыл шалғай жерде орналасқан, сондықтан медициналық көмек уақытында келе алмайды. Баласын дер кезінде дәрігерлерге қарату үшін әрі сырқат асқынған кезде жылдам көмек көрсету үшін аудан орталығында тұрғысы келеді. Бірақ үй алуға шамалары жоқ. Мәселенің мән - жайын мұқият тыңдаған облыстық мәслихаттың хатшысы аудан әкімдігіне өзін мысалға ала отыра аудан халқының көмегі арқылы шешуге болатындығын жеткізді. Былтыр облыс орталығында трамвай қағып, қайтыс болған баланың анасына жедел көмек желісін ашып, облыс тұрғындарының қаржылай көмегі арқылы тұрғын үй алып беруге ұйытқы болғанын айтып берді. Аталған мәселе бойынша аудан әкімі жеке қабылдаудан кейін қатаң бақылауға алынып, көмек ұйымдастырылатын айтты.
Барлық сұрақтар бойынша өтініш берушілерге дәлелді жауаптар берілді, бірақ одан әрі қарауды талап ететін мәселелер де болды.
Жеке қабылдаудан кейін "NurOtan" партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Теренченко және облыстық мәслихаттың депутаты аудандық ардагерлер үйінде болып, ауданымыздың қарияларымен, Тереңкөл ауылдық округінде және Қ.Оспанова атындағы № 3 орта мектебінде болып, ұстаздар қауымымен кездесті.

Соңғы жаңалықтар
15 Қараша 2019 ж.