Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар Аудан тұрғындарының назарына!!!
Аудан тұрғындарының назарына!!!

Тереңкөл ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қыркүйек айының 16- шы жұлдызынан бастап 20 және 29 жастағы тұрғындарға арналған қызылша мен қызамық бойынша қосымша иммундау басталды, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасында 20-29 жас (қоса алғанда) аралығындағы адамдарды қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундауды жүргізу туралы» 2019 жылғы 7 тамыздағы №6 қаулысына сәйкес, аудан аумағындағы емдеу сауықтыру мекемелерінің егу бөлмелерінде 20-29 жас аралығындағы тұрғындарға қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты тұрғылықты мекен жайыңыздағы немесе уақытша тұрған мекен жайыңыз бойынша егу бөлмелеріне келіп, қосымша иммундау жүргізу үшін вакцина ектіруіңізге болады.
Қосымша иммундау жүргізу алдында әрбір егілетін адамға алдағы уақытта қызылша және қызамыққа қарсы екпе жүргізілетіні туралы хабар беріледі, егілетін адамға профилактикалық егу, иммундаудан кейін мүмкін болатын реакциялар мен қолайсыз көріністер, иммундаудан бас тартудың салдары, қызылша ауруының асқынулары, вакцинаның аурудың алдын алудағы маңызы туралы толық және объективті ақпарат беретін дәрігерге шақырылады.
Вакцинциялау алдында әйелдерге сауалнама жүргізу кезінде міндетті түрде жүктіліктің болуын анықтау қажет (күмән болған жағдайда жүктілік сынақтарын пайдалану тиімді). Егуді жүргізер алдында дәрігер егілетін адамға медициналық тексеріп- қарау және сұрау жүргізеді. Егуді алғаннан кейін егілген адамдар 30 минут ішінде медицина қызметкерлері бақылауымен егу пункті жанындағы күту бөлмесінде болады. Кейіннен медицина қызметкерлері егілген адамдарды үйінде вакцина енгізгеннен кейін 5-6 және 10-11 күні бақылаумен қамтамасыз етеді.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі телефондарға хабарласып жауап алуға болады:
☎ 21-9-67 Тереңкөл аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы.

Соңғы жаңалықтар
15 Қараша 2019 ж.