Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ
ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

                                -2 стр

 

Аудан орталығы жылдан жылға көркейіп келеді. Соның бір дәлелі осы жылдың маусым айынан бастап Тереңкөлдегі Тәуелсіздік, А.Елгин және Панфилов көшелерінің бойына жаяу жүргіншілер жолы (тротуар) салынып жаты

Ауыл әкімі Азамат Маңғұтовтың берген ақпараты бойынша бұл жаяу жүргіншілер жолының жалпы ұзындығы 4,1 шақырым екен. Құрылыс жұмыстарымен «Бонус – строй» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі айналысып жатыр. Алдымен жаяу жүргіншілерге арналған жолдың арнайы бөліктері тазартылып, арнайы өлшемдегі тастармен негізгі қалқандары тұрғызылады. Содан кейін ішіне қиыршық тас пен құм төгіліп, беткі жағына кеспе тастар төселініп жатыр екен. А.Елгин көшесінің 1,095 метрі, Тәуелсіздік көшесінің 2,169 метрі және Панфилов көшесінің 0,799 метрі бойымен жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарына жергілікті жерден он үш азамат жұмысқа тартылыпты. Жұмыстар осы шілде айының соңына дейін аяқталмақ. Сонымен қатар ауыл әкімінің берген ақпары бойынша осы шілде айында аудан орталығындағы бес көшеге «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша орташа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Келбеті жыл санап көркейіп келе жатқан ауылымыз жайнай берсін.