Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ
ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

IMG_3813

3 шілде күні елорда күніне арнап аудан орталығында "СтройРум" сауда дүкені ашылды. Сауда орынының ашылуына аудан әкімі Е.Әйткенов, ауылдық округ әкімдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Жаңа дүкеннің иесі Димитрий Скубаков бос тұрған ғимаратты сатып алып, онда тұрғын үйдің ішіне қажетті түрлі – түсті жапсырма түсқағаздары мен еденге жаятын линолеумдер сататын арнайы дүкен ашып отыр.
Дүкеннің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі оның иесіне сәттілік пен табыс тілеп, халық үшін жасап жатқан ісіне алғысын білдірді. Өз кезегінде сөз алған дүкен иесі халықтың үлкен сұранысын ескере отыра, тек бір ғана бағытта арнайы дүкен ашуды ниет еткенін айтып, өзіне қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді. Екі өабатты дүкеннің бірінші қабатында еденге жаятын линолеумдердің елуден аса түрі сатылымға қойылса, екінші қабаты толық түсқағаздарға арналған. Ондағы 500 ден асатын өнімдер Ресей, Германия, Украина мен Еуропаның өзге елдерінің бұйымдары. Халық бұл жерден қалаға бармай-ақ үлкен таңдау жасай алады.
Осы айтулы шара барысында дүкен иесі ең бірінші келген адамға және алғашқы сатып алушыларға арнайы тұрмысқа қажетті заттарды тарту етті.
Дүкеннің иесі Димитрий Скубаков осымен аудан орталығында екінші дүкен ашып отыр. Алдыңғы жылы "Деловой" әмбебап дүкенін ашқан. Бұл елордамыздың туған күні құрметіне ашылып отырған екінші нысан.