Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар ЕЛОРДА КҮНІНЕ ТАРТУ
ЕЛОРДА КҮНІНЕ ТАРТУ

 -бар (4)

-бар (7)

Таяуда елордамыздың туған күніне орай аудан орталығында жаңа қоғамдық тамақтану орталығы ашылды. Жаңа нысанның ашылуына аудан әкімі, ауыл тұрғындары мен жас кәсіпкердің туған туыстары қатысты.

«Жасмин» дербес кәсіпкерлігі былтырғы жылдың қараша айында ашылған болатын. Оның иесі Гүлмира Молдагельдина жас кәсіпкер. Елімізде жастар жылының жариялануына орай, жас кәсіп иелеріне мол мүмкіндіктер қарастырыла бастады. Осы сәтті тиімді пайдалануды ойлаған Гүлмира жұбайымен ақылдасып, өз жеке бизнестерін кеңейтуді жоспарлап, мемлекеттің несиелендіру саясатына иек артқан. Нәтижесінде аудан орталығы Тереңкөлде заманауи талаптарға сай демалыс орынын ашып отыр. Жаңа нысанға балалары Айхан мен Жасминаның есімдерінің бастапқы буындарын алып, «Жас-Ай» деп атауды ұйғарыпты.
Г.Молдагелдина алдымен кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша оқу оқып, бизнес жоспарын тиімді қорғай алып, қайтарымсыз несие алады. Содан кейін «Агробизнес» несиелендіру бағдарламасы арқылы жаңа нысанның ішіне арналған құрал – жабдықтар мен материалдар алу үшін 16 пайызбен мақсатты несие алады. Ал биылғы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» арқылы төмен пайызбен несиеге қол жеткізген. Барлық несиелер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Тереңкөл» несиелеу серіктестігі» ЖШС арқылы жүзеге асқан. Барлық қаражатқа сол өздері тұрғызған нысанның ішіне арналған жиһаздар мен керекті жабдықтарға мақсатты несие алып, қалалық жерден кем түспейтін нысанды жабдықтаған.
Ресто - барда 60 орындық демалыс залы, 16 орындық караоке залы және 20 адамға арналған банкет залдары бар. Бұнда тапсырыс берушілердің ыңғайына қарай кәуәп, пицца, үй тағамдары дайындалады екен. Күндізгі уақытта кәдімгі асхана қызметін көрсетеді. Тұтынушылар өз қалауынша аз мәзіріне сәйкес бірінші және екінші тағамдар мен түрлі салаттарға тапсырыс бере алады. Ауылдан алты адамды жұмысқа алып отыр.
Заманға сай бәсекеге төтеп беріп, қиындықтарға қарсы тұра білуді үйренген жас кәсіпкер бұл күні көпшіліктің батасын алды.