ҚР Президентінің сайты / Мемлекеттік рәміздер / Нашар көретіндерге                                                                                    Қазақша / Орысша
http://www.zoofirma.ru/

Сыбайлас жемқорлық құбылыс ретінде әлемдегі елдердің барлығына жағымсыз таныс. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құбылыстары минималды болған мемлекеттер ғана нағыз экономикалық гүлденуге қол жеткізе алады. Егер қылмыс түрлерінің бір ғана түрі болып келетін, қарабайыр параны сыбайлас жемқорлық ретінде түсінсек қате болар еді. Сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда өз пайдасы үшін, заңды аттап өтіп, материалды және заңды артықшылыққа ие болу, сондай-ақ,  жергілікті жекеше мәселелерін «өзінің» адамдары арқылы шешу болып келеді. Сыбайлас жемқорлық – дегеніміз, әдетте, қоғам қызығушылықтарына, ұлттық мемелекет қауіпсіздігіне қайшы келетін, жеке басының пайдасы үшін мемлекеттік функцияларды қолдану болып келеді, одан басқа түк емес. Және де ең бастысы – ап-анық жағымсыз жемқорлық салдарының болуы, олар: мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуі, көлеңкелі экономиканың өсуі үшін алғы шарттардың жасалуы, қылмыстық құрылым позицияларының нығаюы, халықаралық лаңкестік пен экстремизм. Қазақстан үшін, мемлекет Елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басымдылығын анық көрсеткен, сыбайлас жемқорлықты жеңу, мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі болып саналады. Сыбайлас жемқорлықты тиімді тежеу ғана – көпшілік мойындаған құқықтық мемлекет құру шарты болып келеді.

Качир ауданының төтенше жағдайлар бөлімі азаматтық қорғау капитаны А.Камиева

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері мен бэк-офистері арқылы барлық мемлекеттік қызметтердің 83% көрсетіледі. Олардың қайсысы жоғары сұранысқа ие?

 

Бірінші орында мекенжай анықтамасын беру қызметі (2017 жылғы 10 ай ішінде 14 534 750 анықтама берілді). Негізінен, мұндай анықтамаларды жұмысқа орналасу және оқу орындарына ұсыну үшін алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтару бойынша 4 009 557 қызмет көрсетілді (электрондық-цифрлық қолтаңба).

Үшінші орында жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру қызметі тұр. 10 ай ішінде 2 528 944 қызмет көрсетілген.

Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама да жиі сұратылады. Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы мұндай анықтама 2 422 347 азаматқа берілді.

Осы он ай ішінде мемлекеттік корпорация 1 714 465 рет бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру қызметін көрсетті.

Жыл басынан бері сотталғандығы болуы не болмауы туралы 1 309 485 анықтама берілді. Бұл анықтама азаматтарға жұмысқа орналасу үшін керек.

Биыл 10 ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары  1 302 778 төлқұжат пен жеке куәлік алды. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу - 1 218 658.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметіне қазақстандықтар 1 113 348 рет жүгінген.

Биыл 10 ай ішінде азаматтарға 314 155 жүргізуші куәлігі берілген.

Осылайша, ең кең тараған қызмет түрі – түрлі анықтамаларды беру. 2016 жылы 37 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 24 млн. электрондық анықтамалар. Сондықтан мемлекеттік корпорация бірқатар мемлекеттік органдармен бірге «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне келушілердің санын шегеруге мүмкіндік беретін  Paperfree жобасын іске қоспақ.

Мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға анықтама беру сервисін жүзеге асыру бұл қызмет түрін көрсетуді 21,5 млн қысқартар еді. Азаматтар SMS-хабарлама арқылы рұқсатын растап, үшінші тұлғалардың сұратуы бойынша жеке мәліметтерін бере алады. Мысалы, сервис енгізілгеннен кейін, оқу орны электрондық портал арқылы қажетті құжатты сұратады, ал қызмет алушы (бұл жағдайда ата-ана) SMS-хабарлама арқылы бір рет электрондық анықтама балуға өзінің рұқсатын береді. Осылайша, жаңа оқу жылы қарсаңында анықтама алу үшін 3 млн оқушының ата-анасы ХҚКО-ға бармайды. 

 

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-форум» қоғамдық бірлестігі қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар, сондай-ақ БАҚ өкілдерін «Қоғамдық құрмет-2017» ұлттық сыйлығымен марапаттаудыңVрәсімін өткізді. 

«Саяси жігерлігі үшін» номинациясы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын жетілдіріп, сапасын көтергені және кері байланысты қамтамасыз еткені үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның төрағасы Абылайхан Оспанов марапатталды.

А.Оспановтың айтуынша, бұл - марапат күн сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында тер төгіп жүрген 22 мыңға жуық қызметкердің еңбегі, сондықтан саланы дамытып, сапасын көтеруде ұжымның рөлі зор.

«Мемлекеттік корпорациясын құру - Елбасымыздың Ұлттық жоспарында көсреткен нақты қадамдардың бірі. Және бұл марапат мемлекеттік қызмет көрсетуді ашық және барынша қолжетімді ету жолында «Азаматтарға арналған үкімет» дұрыс бағытта келе жатқанын дәлелдейді», - деді Оспанов.

 

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы орынбасарының Павлодар облысындағы кездесулері 

«БЖЗҚ» АҚ басшылығының республика өңірлеріне іссапары жалғасуда. 7 желтоқсанда «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева Қордың облыстық филиалының ұжымы және бөлімшелерінің басшыларымен жұмыстық кездесу өткізді. Сонымен қатар операциялық бөлімнің жұмысымен  және оның материалдық-техникалық жағынан қалай қамтамасыз етіліп жатқандығымен танысты. Кездесу барысында мынадай статистикалық мәліметтер жария етілді. Ағымдағы жылдың он айы ішінде филиал қызметкерлерінің күшімен 822 таныстырылымдық шара өткізіліп, оларға 22 391 адам тартылған. Одан басқа, барлық бөлімшелердің жұмысын жақсарту мәселесі талқыланып, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және жетілдіру бойынша ұсыныстар алға тартылды.

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру және оңтайландыру мақсатында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевпен кездесті. Кездесу барысында ресми деректерге сәйкес облыс халқының саны 758,5 мың адамды құрайтындығы, олардың ішінде 421,4 мыңнан астам адамның экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар (55,6%) екендігі атап көрсетілді. 2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша 468,1 мың шот тіркелген. Ал олардағы зейнетақы жинақтарының көлемі 361,2 млрд теңге. Бұл Қазақстан Республикасы бойынша міндетті жарналар бойынша жинақтардың 5 пайызын құрайды. Сондай-ақ, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша 41,1 мың шот ашылған. Оларда 10,2 млрд теңге жинақталған. Бұл республика бойынша сәйкес жинақтардың 8 пайызын құрайды. Ал облыста 9,2 мың адам ерікті зейнетақы шоттарын ашқан. Олардағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 0,57 млрд теңге.

БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары кездесу барысында зейнетақы жүйесін жаңғырту және 2018 жылы күшіне енетін өзгерістер жайында әңгімеледі. Осы және өзге де мәселелер бойынша тұрғындарға кең көлемде ақпарат берудің, сондай-ақ оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Павлодар облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы келісімге сәйкес алдағы уақытта жоғарыда аталған мәселелерді шешу бойынша бірлескен шаралар өткізіледі.

БЖЗҚ осы Меморандум аясында әкімдіктің қолдауымен жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдарда облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялайды. Сонымен қатар тұрғындар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетіен қалыптастырып, оны одан әрі дамыту жұмыстарын қолға алатын болады.    

   

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                       

    БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

  

 

 

Аты-жөні, тегі

Қызметі

Күні

Уақыты

Мекенжайы

Канаева

Рысты

Моилжановна

Директор

сәрсенбі, жұма

сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

Жеңіс алаңы, 17, 2-қабат, 208-кабинет

Лукашова

Татьяна Николаевна

Директор орынбасары

дүйсенбі, сейсенбі

сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

Жеңіс алаңы, 17, 2-қабат, 209-кабинет

Уалиттенова

Нурсипат

Ислямовна

Директор орынбасары

сәрсенбі, бейсенбі, жұма

сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

Жеңіс алаңы, 17, 1-қабат, 4-кабинет

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңынасәйкес, 2018 жылғы 01қаңтардан  бастап әйелдердің зейнеткерлік жасының 2018жыл мен 2027 жыл аралығында кезең-кезеңмен көтерілуін көздейтіннормакүшіне енеді. Ол жыл сайын алты айдан қосылып,                   10 жыл бойы жүзеге асырылатын болады.

2018 жылғы 1шілдеден бастапзейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне қарай тағайындалатынбазалық зейнетақы төлемдерін тағайындау әдістемесінің өзгеруі көзделеді. Базалық зейнетақы жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға ғана тағайындалатын болады: 63 жас - ер адамдар үшін, 58 жас және 6 ай - әйел адамдар үшін.

Зейнеткерлік өтілге не кіреді:

Зейнеткерлік өтілге: ынтымақты жүйесінде жинақталған, 1998жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі; міндетті зейнетақы жарналары төленген аралықты қарастыратын жинақтау өтілі; бала үш жасқа толғанға дейінгі, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек баланың күтімі; әскери қызметкермен, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерімен, дипломатиялық жұмыскерлермен және т.б. бірге тұрған уақыты.

Бұл өзгерістер2018 жылғы1шілдеден бастапбазалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілетін зейнеткерліктегі және жаңадан зейнеткерлікке шығатын адамдарғақолданылады.

Зейнетақы есептеу әдістемесі:

Егер азамат 10 жыл ғана жұмыс істеп, БЗЖҚ-ға аударымдар жасаған болсанемесе мүлдем жұмыс істемеген болса, оған базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ы мөлшерінде тағайындалады. 10 жылдан астам жұмыспен өтелген әрбір жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ғаарттырылады. Мысалы, 20 жыл қатысу өтілінде базалық зейнетақының мөлшері  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жылда - 94% құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан да көп жылды құраса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ын құрайды.

Зейнеткерлік жасты көтерудің кімдерге қатысы болмайды:

Қазақстандазейнеткерлік жастың көтерілуі қазіргі кезде зейнеткерлікке ерте шығуға жеңілдігі бар әйелдерге қатысы болмайды. Бұл бес және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер. Олар 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы болады. Сонымен қатар1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 05 шілде аралығы кезеңінде төтенше және барынша көп радиациялық қауіпі бар аймақтарда кем дегенде 5 жылуақыт тұрған әйелдердің 45 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқықтары бар.

Зейнетақы ресімдеуге өтініш беру мерзімдері бойынша:

Егер әйелазаматзейнеткерлік жасқа(58 жас)2017 жылғы 10 қарашада толып, уақытында, яғни, 2017жылғы 31 желтоқсанға дейін жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш бермей, тек 2018жылғы қаңтар айында келсе, онда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес,өтінішімен және құжаттар топтамасымен жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындауға 58,6 жасқа толғанда ғана өтініш бере алады.

 

Зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен көтеру кестесі

 

Жыл

Зейнеткерлік жасы

Туған күні

2018 жылғы 1қаңтар

58 жас 6 ай

1960 жылғы 1 қаңтар мен 1960 жылғы

30 маусым аралығы

2019 жылғы 1қаңтар

59 жас

1960жылғы 1 шілде мен 1960 жылғы

31желтоқсанаралығы

2020 жылғы 1қаңтар

59 жас 6 ай

1961қаңтар мен 1961 жылғы

30маусымаралығы

2021 жылғы 1қаңтар

60 жас

1961жылғы 1шілде мен 1961 жылғы

31 желтоқсанаралығы

2022 жылғы 1қаңтар

60 жас 6 ай

1962 жылғы 1 қаңтар мен 1962 жылғы

30маусымаралығы

2023 жылғы 1қаңтар

61 жас

1962жылғы 1шілдемен 1962 жылғы

31 желтоқсанаралығы

2024 жылғы 1қаңтар

61 жас 6 ай

1963 жылғы 1 қаңтар мен 1963 жылғы

30 маусымаралығы

2025 жылғы 1қаңтар

62 жас

1963 жылғы 1 шілде мен 1963 жылғы

31 желтоқсанаралығы

2026 жылғы 1қаңтар

62 жас 6 ай

1964 жылғы 1 қаңтар мен 1964 жылғы

30 маусымаралығы

2027 жылғы 1қаңтар

63 жас

1964 жылғы 1шілде мен 1964 жылғы

31 желтоқсанаралығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЖЗҚ-да брифинг өткізілді

Павлодар, Қазақстан

 

2017 жылғы 06 желтоқсанда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) Павлодар облыстық филиалында «2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбында брифинг өткізілді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры,салымшыларға зейнетақы жүйесіне байланысты мәселелердіңтұтас кешенінің замануи жағдайын түсіндіре отырып, тұрғындарды белсенді ақпараттандыруды жалғастыруда.

Павлодар облыстық филиалының директоры В.Ю. Питраков түсіндіріп өткендей, 2018 жылдан бастап зейнетақы заңнамасынаәйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту, базалық зейнетақыны есептеу бөлігіндеенгізілгенөзгерістер күшіне ене бастайды, бұл ретте базалық зейнетақы көлемі еңбек өтіліне ғана емес, сондай-ақ зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне де байланысты болады. Бұдан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібі мен оларды алу кестесі де өзгеріске ұшырайды.

Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады. Егер Қорға жүгінген күні зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған болса, оларды толығымен алуға мүмкіндік бар. 2018 жылы бұл сома: 33 745 x12 =404 940 теңгені құрайды.Бұл сомадан артық қаражаттың барлығы тек ай сайын төленеді.БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері Үкімет Қаулысымен бекітілген, Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес, зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып төленетін болады.  Яғни, базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді. Бүгінде базалық зейнетақы барлық зейнеткерге 14 466 теңге көлемінде төленеді (ең төмен күнкөріс деңгейінен сәл жоғары). 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен тұлғаларға төленетін болады. Және еңбек өтілінің 10 жылдан асқан әрбір жылы үшін ең төменгі күнкөріс мөлшерінің тағы 2%-ы қосылып отырады. Яғни еңбек өтілі 33 жыл болған жағдайда – базалық зейнетақының ең жоғары көлемін - ең төменгі күнкөріс мөлшерінің  100%-ын алу мүкіндігі бар.

Ал ортақ зейнетақықұрамдауышынақатысты айтар болсақ, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды. Яғни, 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша ортақ зейнетақы төленбейді, яғни, 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша бюджеттік қаражат есебінен зейнетақы тағайындалмайды.

Дегенмен, бұл азаматтардың мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктерін алу құқығы (бұл бүгінгі базалық зейнетақы) сақталатынын ескеру қажет.Біртіндеп ортақ құрамдауыш келмеске кетеді, ал жинақтаушы құрамдауыштың үлесі біртіндеп арта түседі. 2030 жылға дейін жиынтық зейнетақы төлемінің жинақтаушы бөлігі басым үлеске ие болады.

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты міндет - оны нығайту және зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасы зейнетақыны әр түрлі төлем көздерінен,атап айтқанда, мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақылар (ортақ зейнетақы) және салымшының өзінің зейнетақы жинақтары (жинақтаушы құрамдауыш, БЖЗҚ-дан төлемдер)берілетін төлемдер жиынтығы ретінде қарайды, олардың мақсаты– зейнет жасындағы азаматтарды еңбекке жарамсыз жасында тұрақты негізде ай сайын лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету.

«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндері барлық операциялық бөлімшелердің таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейтіндігін хабарлайды. Басты мақсат – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған немесе туындайтын салымшылардың осы төлемдерді рәсімдеу құқығын жүзеге асыру.     

Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекетіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз. Халық арасында Тіл туралы заң қабылданып, тіл саясатын мемлекеттік тілдің мүддесіне шешу, Мемлекеттік тілдің мәртебесін нақты белгілеу туралы әр түрлі талаптар мен өтініштер бар.

Қазір Республика көлемінде қызу талқыланып жатқан Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы - осының кепілі. Оның үстіне, Елбасымыздың бастамасымен Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылған. Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті тілді дамыту және енгізу жөніндегі уәкілетті орган ретінде халық тарапынан жасалатын ұсыныстар мен талап-тілектерге баса назар аударып отыр.

2020 жылға дейінгі мерзімге арналған мемлекеттік бағдарлама жасау – Елбасымыздың Үкіметке берген тікелей тапсырмасы. Бұл тапсырманы орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың да парызы. Мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты- Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет және қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында да батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру.

Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» - деп атап көрсеткен.

Бағдарламаны іске асырудың он жылдық кезеңі алдымызға жаңа міндеттер жүктейді. Олардың бәрін рет-ретімен жүзеге асыруға қазіргі кезеңде толық мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр.Мысалы, әділет басқармасы қызметкерлеріне мемлекеттік тілді кеңінен үйрету сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылып жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлық құжаттар, іс-қағаздар мемлекеттік тілде орындалады.

 

Сот актілерін орындау жөніндегі Қашыр ауданының аумақтық бөлімі» филиалы

 

 

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Осы моделге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы негізінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жеке зейнетақы шотында жатқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі есептеледі.    

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін:

- зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар;

- мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген I және II топтағы мүгедектер;

- Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар алуға құқылы.

Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, бұл төлем ҚР Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте мұрагерге төленеді.   

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.

Айырманы төлеу туралы өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және МЗЖ мен МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну жөнінде хабарлама жіберіледі.
Өз кезегінде БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сұралған мәліметтерді электрондық форматта ұсынады.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БЖЗҚ-дан мәліметтерді алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді тиісті кезеңге арналған инфляцияның деңгейін ескере отырып, зейнетақы жарналарының (МЗЖ, МКЗЖ) сомасымен салыстырып тексереді.

Егер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы:

- инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасынан артық немесе оған тең болғанда – айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;

- инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасынан төмен болған жағдайда – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасын есептейді. Республикалық бюджет есебінен айырма төлемі алушының банк шотына аударылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша (Статистикалық бюллетень, «Секвестрленбейтін республикалық бюджет бағдарламалары») мемлекеттің зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдікті міндеттемелері 2016 жылы – 11 615 млн. теңге, 2017 жылдың қаңтар-наурыз айлары үшін – 2 589,0 млн. теңгені құрады.

Толық ақпаратты «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 1414 тегін қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.

   

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                           

«Анықтамалық ақпаратты 1418 телефоны нөмірі арқылы Ортақ-байланыс орталығынан алуға болады. Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін. www.enpf.kz

«БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалының Теренкөл елді мекеніндегі қызмет қөрсету орталығының бастығы Нурмакова А.Ж.

Құрметті "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары!

 

2017 жылдың 1 қазан күні электрондық шот-фактураның жаңа бланк нұсқасына ауысуына орай 2017 жылдың 2 қазан күнінен 7 қарашаға дейінгі уақыт аралығында кіру және ЭШФ жасауды бұғаттайтын қателіктер тіркелді.
             Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Салық кодексінің 263 бабының 2-1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес көрсетілген қателіктерді техникалық қателіктер ретінде санады.
             Осыған орай, көрсетілген уақыт аралығында қағаз бетінде жасалған шот-фактураларды 2017 жылдың 8 қараша күнінен бастап он бес күнтізбелік күн аралығында электрондық формада жасау мүмкіндігі болады.
 
            Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу

 

 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ/Қор) ақпараттық арналарына жиі келіп түсетін сұрақтардың бірі – шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу (ТТК). 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

«Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, ішкі істер органдары кету фактісін растайтын құжаттарды рәсімдеген соң жүзеге асырылады.

            Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, басқа мемлекеттің азаматтығын алуды жоспарлаған Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы шешім қабылдаса, белгіленген тәртіпте шетелге кетуге арналған құжаттарды рәсімдеуі керек.

            Бұл рәсім шетелге тұрақты тұруға кетіп бара жатқан азаматтардың Қазақстандағы орындамаған (салық, мүлік, сот, мерзімді әскери қызметті өтеу және т. б.) міндеттемелерін анықтау үшін қажет. 

            Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шетелге тұрақты тұру үшін елден кетуге арналған құжаттарын рәсімдеу «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кетуге арналған құжаттарды» мемлекеттік көрсетілетін қызметін стандартымен реттеледі.   

            Шетелге тұрақты тұруға кету үшін елден кетуге арналған құжаттарды рәсімдеу үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) аумақтық бөлімшелеріне немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) жүгіну қажет. 

            Егер шетелге уақытша кеткен Қазақстан азаматы сол елде тұрақты тұруды ұйғарса, ол бұл туралы Қазақстанның консулдығына немесе дипломатиялық өкілдігіне жүгінуі тиіс. 

            Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін елден кетуді рәсімдеу жайындағы бүкіл ақпарат

ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына (ЖТ МДҚ) тіркеліп отырады. Айта кетелік, бұл ақпараттардың барлығы ҚР ІІМ-нен келіп түседі. БЖЗҚ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын тексеруге алғанда осы Мемлекеттік дерекқорға жүгінеді. 

Алушыдан ең аз құжаттар пакеті талап етіледі. Соның ішінде өзі келіп өтініш жасағанда:

Шетелдік азаматтың шетелдік паспортының түпнұсқасын, алушының банк шоты туралы мәліметін ұсынады және БЖЗҚ-да тиісті өтінішті толтырады. Сондай-ақ, құжаттарды ұсынудың балама жолы да бар. Ол, – құжаттарды үшінші тұлға (сенім артылған) немесе пошта байланысы арқылы ұсыну. 

            Шетелдіктен немесе азаматтығы жоқ азаматтан             тиісті құжаттарды алған соң, БЖЗҚ «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына (ЖТ МДҚ) Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кетуді рәсімдеу туралы мәліметтер сұрайды.  

                       Құжаттарға қатысты оң жауап алынып, ешқандай ескертпелер болмаған жағдайда, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде төлемдерді алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады.   

Ал құжаттарға қатысты теріс жауап және (немесе) ескертпелер алынған жағдайда, БЖЗҚ өтініш берген күні құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтінішті қабылдаудан немесе құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау арқылы бас тарту себебін көрсете отырып, өтінішті орындаудан бас тартады.

            Іс жүзінде шетелдіктер, олардың ішінде негізінен Ресей Федерациясы азаматтарының жиі өтініш жасайтындығы байқалады. Олар:

1. Белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге арналған құжаттарды рәсімдеместен азаматтық алған. Бұл жерде оларға айтылар бір ғана ұсыныс бар – ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұру үшін елден кетуді міндетті түрде рәсімдеу қажет. 

            2. ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кетуге арналған құжаттарды белгіленген тәртіп бойынша рәсімдеген, бірақ:

            1) рәсімдеу реттілігін бұзған, яғни алдымен ҚР азаматтығынан айырылуды, ал кейін кетуді рәсімдеген;

            2) «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорында ақпарат жоқ және т. б.    

            БЖЗҚ соңғы санаттағы адамдардың мүдделерін қорғау және осы мәселе бойынша жан-жақты түсініктеме алу үшін ҚР Ішкі істер министрлігіне арнайы хат жолдады. Соған сәйкес ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті БЖЗҚ, ҚР ІІМ және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің жұмыстық кездесуін ұйымдастырды. Бұл кездесу ағымдағы жылы 21 сәуірде Астана қаласында өтті.   

            Жұмыстық кездесудің нәтижесі бойынша ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету бойынша, оның ішінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу барысында туындайтын мәселелерді шұғыл шешу үшін БЖЗҚ, ҚР ІІМ және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Бұл бағытта БЖЗҚ тарапынан тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатыр.

            БЖЗҚ мен ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің бірлескен жұмысы барысында бұған дейін БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын алу бойынша өтініш жасап келген жекелеген шетелдіктер бойынша «азаматтығынан айрылудан» бастап «шетелге тұрақты тұруға кетуге» байланысты ҚР жеке куәлігінің жарамсыздығы себебі туралы ақпараттың өзектілігі арттырылды.      

            Бұл ретте басқа да жағдайлар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жағдайлар ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитеті жұмыскерлерінің тиісті тексерулерінен кейін реттеледі.

            Бұдан басқа, БЖЗҚ апта сайын кейбір адамдарға қатысты «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтерді өзекті қылу бойынша мониторинг жүргізіп келеді. Өйткені, БЖЗҚ  «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорында бұл адамдар бойынша Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы мәліметтердің жоқтығына байланысты оларға зейнетақы жинақтарын төлеуден бас тартқан болатын.  

            Ал Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге қатысты мәліметтер жаңартылған сәтте БЖЗҚ алушыларға зейнетақы жинақтарын алу туралы өтінішті рәсімдеу керектігі жайында хабарлайды. 2017 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша бұған дейін өтініш білдірген 250 адам бойынша «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтер жаңартылды. Демек, алушылар БЖЗҚ-ға ҚР Ішкі істер министрлігі «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы мәліметтерді жіберіп үлгермей жатып асығыс өтініш жасап жатыр деген сөз.   

            БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (өзі келіп өтініш жасағанда, үшінші тұлға немесе пошта байланысы арқылы жібергенде) барлық қажетті құжаттар тізілімі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініш бланкалары және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері, әр түрлі мемлекеттік органдардың түсіндірмелері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік веб-сайтының www.enpf.kz мекенжайында орналастырылған. Ондағы ақпараттар тұрақты негізде жаңартылып отырады. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                           

Анықтамалық ақпаратты 1418 телефоны нөмірі арқылы Ортақ-байланыс орталығынан алуға болады. Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін. www.enpf.kz

«БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалының Теренкөл елді мекеніндегі қызмет қөрсету орталығының бастығы Нурмакова А.Ж.

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
 

 

 

©"Качир ауданы әкімінің аппараты" ММ