ҚР Президентінің сайты / Мемлекеттік рәміздер / Нашар көретіндерге                                                                                    Қазақша / Орысша
http://www.zoofirma.ru/

     Качир аудандық сотында ҚР ҚК 188 бабы 2 бөлімі 1,3 тармағында көзделген қылмыс жасаған азамат Т. және азамат В.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

     Сот отырысында анықталғаны: 2017 жылғы 7 наурыздан 8 наурызға қараған түнде азаматтар Т., К. және азаматша В. азамат К.ның ұсынысы бойынша пайдакүнемдік ниетпен, жеке бастарының баю мақсатымен ауылдың шетінде орналасқан «И»-дың ФШ-ның қоймасынан ұрлық жасау үшін қылмыстық сөз байласқан. Осы мақсатпен азамат Т. әкесінің шанаға жегілген атын алған. Өздерінің қылмыстың ниеттерін іске асыру үшін, өздерін ешкімнің бақылап тұрғанына көз жеткізіп, келісімге сәйкес өз рөлдерін атқарған. Азамат Т. және азамат К. төбе арқылы қойманың ішіне кірген, ал азаматша В. қойманың сыртында қарауылда қалған, егер сезікті біреуді көрсе іштегілерге жылдам хабар беру үшін. Азамат Т. және азамат К. қойманың ішінен  10 (он) қап кебек, 10 (он) қап шемішкенің тұқымын және үш шелек көмір алып шыққан. Осы шығарылған заттарды шанаға салып, қылмыс болған жерден тайып тұрған. Әрі қарай ұрланған заттарды өз қалаулары бойынша пайдаланған. Осы әрекеттерімен азамат Т., К.  және азамат В. «ФШ» басшысы И.-ға 40 000 (қырық мың) теңгеге зиян келтірген.

    Сот отырысында жәбірленушінің өкілі және сотталушылар медиация тәртібі бойынша татуласып, қылмыстық істі қысқарту туралы ұсыныс жасады.

     Сот қаулысымен азамат Т. мен азаматша В.-ға қатысты ҚР ҚК 188 бабы 2 бөлігі 1,3 тармағында көзделген қылмыстық теріс қылық жасағандары үшін айыптау туралы қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

 

Качир аудандық сотының

баспасөз қызметі

    Качир аудандық сотында ҚР ҚК 188 бабы 2 бөлігі 1,3 тармақтарында көзделген қылмысты жасағандары үшін азаматтар П. және Ч-ны айыптау  туралы қылмыстық іс қаралды.

     Соттың анықтағаны, 2016 жылдың 17 желтоқсанына қараған түнде азаматтар П. және Ч. өзара қылмыстық рөлдерді бөлісіп, П. ешкімге көрінбеу мақсатында және сезікті біреу көрінсе, Ч.-ға хабарлау үшін көшеде қалған, ал Ч, төбе арқылы Тереңкөл ауылыныңы бір дүкеніне ұрлыққа түскен. Одан тауар мен материалдық құндылықтарды ұрлап, жәбірленуші Б.-ға 315 425 теңге материалдық шығын келтірген.

    Сот отырында сотталушылар П. және Ч. өз кінәларын толық мойындады және істеген істеріне өкінді. Сот олардың қылмыстық жауапкершілікке бірінші рет тартылуын, олардың жастығын, қылмысты ашуға көмектескендерін есепке алып, П. мен Ч.-ның әрқайсына жазаның түрі  екі жарым жылға бас бостандықтарын шектеуді тағайындады, сонымен қатар оларға тұрғылықты жерлерін, жұмыс орнын рұқсатсыз ауыстырмауға, кафе, ресторан, клуб және басқа да ішімдіктер ішетін және көңіл көтеретін орындарда жұмыстан және оқудан бос уақытта болмауды міндеттеді.

 

Качир аудандық сотының

баспасө қызметі

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
 

 

 

©"Качир ауданы әкімінің аппараты" ММ