ҚР Президентінің сайты / Мемлекеттік рәміздер / Нашар көретіндерге                                                                                    Қазақша / Орысша
http://www.zoofirma.ru/

 

Прокуратурада мәжіліс өткізілді

2017 жылы 25 қаңтар айында Качир ауданының Прокуратура ғимаратында мемлекеттік органдардың басшылар қатысуымен ата-аналарымен алимент төлеу бойынша өз міндеттерінен бас тарту бойынша кәмелетке толмағандардың  мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс барысында алимент төлеу үшін мәселелі сұрақтар талқыланды. Качир аудандық Әділет басқармасына үстінде көрсетілген мәселелерді БАҚ және Качир ауданының әкімдігінің ресми сайтына жарықтандыру бойынша міндеттер жүктелді.

 

Качир аудандық әділет басқармасының басшысы Ә.Ч.Хаирова,

 

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі

 

 

Тіл туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңның 4-шi бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» - деп бекітілген. Сонымен бiрге, «Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi» - деп көрсетiлген.

Әр халықтың ана тiлi - оның жаны, халқының қайталанбас өзiндiк бейнесі, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзi. Тiл туралы Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар ҚР Заңдарына сәйкес жауапты болады» делiнген.  ҚР Ата Заңының 19-бабының 2-тармағында «Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқы бар» делінген. Соңғы жылдары әр түрлі этностардың мәдени бірлестіктері де өз тілдері мен салт-дәстүрлерін жаңғыртумен қатар, мемлекеттік тілді де меңгеріп жатыр. Қазір өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақша еркін сөйлейтін басқа ұлт өкілдерінің қатары өсті.

Качир аудандық Әділет басқармасының бас маманы Д.Нургожина,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
 

 

 

©"Качир ауданы әкімінің аппараты" ММ