ҚР Президентінің сайты / Мемлекеттік рәміздер / Нашар көретіндерге                                                                                    Қазақша / Орысша
http://www.zoofirma.ru/

 
                                                               ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ КАЧИР АУДАНЫНЫҢ ТАРИХЫ

 

Качир ауданы Максим-Горький ауданын жою және оның аумағын Кочирский құрамына тапсыру нәтижесінде 1963 жылы 2 қаңтарда Қазақ ССР Жоғары кеңес Президиумының Жарлығымен құрылды. Максим-Горький ауданы 1928 жылы 23 маусымда Федоровка ауданының атауы ауыстырылғандықтан құрылды. Федоровка ауданы Павлодар уездінің Октябрь, Песчан и Өрлітөбе болыстарының бөлімшелерінен құрылды. 1934 жылдан бастап аудан орталығы Качиры болып табылады, Павлодар қаласынан 112 километрде орналасқан. XVIII ғасырдың аяғында (жобамен 1790 ж.) на ур. Таркала негізделген. 1828 жылы казак войскілерінің бөлінген поселкесі, содан кейін казак поселкесі ретінде еске алынады. Солтүстік және солүстік батыста аудан Железин ауданымен шекаралас орналасқан. Солтүстік батыста Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Карасук ауданымен шекаралас жатыр. Батыста Качир ауданының табиғи шекарасы Ертіс өзені болып табылады. 1928 жылы аудан халқының саны 21984 адамды құрады, 4042 шаруашылыққа біріккен. Облыстық мемлекеттік мұрағат құжаттарына сәйкес ауданның орыс тілді халқы Ресейдің Европалық бөлігінен, бұрынғы губерниялар - Харьковский, Самарский, Саратовский, Каменец-Подольский, Московский, Тамбовский, Казанский, Черниговский бұрын көшіп келгендер. Аудан аумағы Ертіс жазығы мен Құлынды даласының торабында орналасқан. Бед-бедері жазықты. Климаты қатты континентальді. Орташа температурасы қаңтарда - 18 - 19 градус, шілдеде +20 +21 градус. Жыл сайынғы атмосфералық жайын-шашын саны 250 – 300 мм құрайды. Топырағы сарғылт, құмайыт. Ауданның аумағы бойымен ұзындығы 50 километрде Ертіс өзені ағып жатыр, таяз көлдері көп. Пайдаллы қазбалардан ауданда глауберлі және ас тұзы, кірпіш пен черпица өңдеуге арналған балшық бар. Оның запасы шектелмеген. Аудан шаруашылығының негізгі бағыты – мал шаруашылығына бағыты бар астық. 198 жылы ауданның егістігі 27196,43 десятина жерді алды. Астық өнімділігі орташа алғанда десятина сұлудыдан 45 пұтты құрады, десятина бидайдан 35 пұт. 1928 жыл мәліметтері бойынша 43737 мал басыболған, оның іішінде ірі қара мал – 10739 бас, қой және ешкі – 17760 бас, жылқы – 4730 бас, шошқа – 767 бас, түйе – 212. Ауданда 2 агрономиялық участок, 2 ауыл шаруашылық серіктестігі, 2 племхоз бен совхоз, 13 колхоз, 8 тұтынушылар қоғамы жұмыс істеді. Ауданда 1928 жылы мәдени білім таратушы мекемелерден 18 мектеп, 2 сауаттылықты жою пункті болды. 2 медпункт және бір ветеринарлық пункт жұмыс істеді. Соғыс қарсаңында 1939 жылы санақ бойынша аудан халқының саны 24385 адам болды. 1941 жылғы 1 қаңтар жағдайына ауданда 41 колхоз, 3 совхоз, 3 машинотракторлық станция болған. Аудан щаруашылығында 823035 шаршы километр пайдаланылатын жері болған, оның ішінде 287209 шаршы километр егістік жерлер. Качиры селосында облыс орталығымен телефон-телеграф байланысы болды. Аудан ішінде Качиры ауылы 8 ауылдық Советпен, 14 колхозбен, бір совхозбен телеграфты байланыста болды. 384 трансляциялық нүктелері болды. Аудандағы барлық жолдың ұзындығы 1203 километр, оның ішінде табиғи қара жер – 335,7 километр, қара жер төсемі бар – 73,3 километр. Санақ бойынша 1959 жылы ауданда 48782 адам тұрды. 1963 жыл ауданның құрылу кезеңі, 4 колхоз болды, оның ішінде 2 балық аулайтын, 8 совхоз. Тың тыңайған жерлерді игеру кезеңінде (1954-1962 жж.) 313020 гектар жер жақсарды. Егістіктің аумағы 411072 гектарды құрады. 1963 жылы суарылатын жерлер 139 гектар орын алды. Колхоздарда 2 мал шаруашылық фермасы болды, онда: ірі қара мал 2704 бас, оның ішінде сиырлар – 787 бас; қой және ешкі – 7510 бас; шошқа – 2335 бас; жылқы – 605 бас; құстар – 4385 дана. Совхоздарда малдың басы 130390 дейін жетті. Оның ішінде ірі қара мал 38012 бас, сиырлар – 12162 бас; қой және ешкі – 67196 бас; шошқа – 21945 бас; жылқы – 3237 бас; құс – 34238 дана. Ауданның өнеркәсібі Песчан жөндеу зауытымен, темір-бетонды өнім мен конструкция комбинатымен, тұрмыстық қымет көрсету комбинатымен, қамыс зауытымен, баспаханамен, аудандық тұтынушылар одағының тұрмыстық шеберханаларымен ұсынылды. 1963 жылы аудан халқына 1 мәдениет үйі, 11 клуб, 23 кітапхана, 20 стационарлық киноқұралдар және 6 жылжымалы кино қызмет көрсетті. 70 мектеп жұмыс істеді. Оның ішінде: 40 бастауыш, қазақ тілінде – 12; сегізжылдық – 21, қазақ тілінде – 2; орта – 8, қазақ тілінде – 1; мектеп-интернаттар – 1. Ауданда 326 тәбиеленушілері бар 3 балалар үйі, жалпы саны 1225 бала тәрбеленетін 33 бала бақша қызмет етті. Халыққа медициналық қызметті 10 аурухана, 1 туберкулезге қарсы диспансер, 24 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 әйелдер консультациясы, 1 санэпидемстанция. 1963 жылы аудан халқына сауда және тұрмыстық қызмет көрсетуді 164 дүкен, 12 асхана, 21 тұрмыстық қызмет көрсететін шеберхана, 5 етік шеберханасы, 6 шаштараз жүзеге асырды. 1965 жылы Качиры ауылы қалалық поселкілер санатына жатқызды. Качирс ауылдық Советі Качир поселкелік Совет деп атала басталды, орталығы – қалалық үлгідегі поселкі Качиры. Качир ауданы аумағында мынадай 13 сельсовет болды:

  1. Байқоныс (орталығы Байқоныс ауылы);
  2. Береговой (орталығы Береовое ауылы);
  3. Березовский (орталығы Березовка ауылы);
  4. Бобровский (орталығы Жаңабет ауылы);
  5. Верненский (орталығы Львовка ауылы);
  6. Воскресенский (орталығы Воскресенка ауылы);
  7. Жанакурлуский (орталығы Тимофеевка ауылы);
  8. Ивановский (орталығы Ивановка ауылы);
  9. Калиновский (орталығы Калиновка ауылы);
  10. Коммунарский (орталығы Фрументьевка ауылы);
  11. Октябрьский (орталығы Октябрьск ауылы);
  12. Песчанский (орталығы Песчаное ауылы);
  13. Федоровский (орталығы Федоровка ауылы).

Качир поселкелік халықтық депутаттар Советі 22 шақыру 7 сессиясының 1992 жылғы 28 ақпандағы № 14 қаулысымен Качиры қалалық үлгідегі поселке дәрежесі Качиры ауылына және Качир халықтық депутаттар поселкелік кеңесі Качир сельсоветіне ауыстырылды. Качир аудандық әкімшілік басшысының 1993 жылғы 17 желтоқсандағы «О реализации Закона Республики Казахстан о досрочном прекращении полномочий местных Советов народных депутатов» № 752 шешімі негізінде сельсоветтер өз қыметін тоқтатты. 1996 жылы аудан әкімінің шешімі негізінде сельсоветтер Качир ауданы ауылдық округтері болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта Качир ауданын Тереңкөл ауданына ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
 

 

 

©"Качир ауданы әкімінің аппараты" ММ