ҚР Президентінің сайты / Мемлекеттік рәміздер / Нашар көретіндерге                                                                                    Қазақша / Орысша
http://www.zoofirma.ru/

Кашыр ауданында терроризмге қарсы оқулар өткізілуде

жаңалықтар

Кашыр ауданында терроризмге қарсы оқулар өткізілуде

2017 жылдың 13 қазанында терроризмге қарсы операциялар өткізу жөніндегі жедел штаб аудандық мәденет үйі негізінде жоспарлы жедел тактикалық оқулар ұйымдастырды. Осы оқулар шеңберінде террорлық актілер қаупін азайту және зардабын жою іс-қимылдары өткізілді.    

Толық

МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Бүгінде ауданымызда елді мекендердің көркеюі жолында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі аудандағы тірек ауылдардың бірі - Байқоныс ауылының мәдениет үйінің төбесіне жасалып жатқан күрделі жөндеу. Жұмыстар тамызда басталып, қыркүйектің соңында аяқталмақ. Байқоныс ауылында биыл мектептің күрделі жөндеуі аяқталып, жаңа оқу...

Толық

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ТАРТУ

жаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ТАРТУ

Біздің аудан орталығымыз күн сайын жаңа кейіпке еніп, жанданып келеді. Мұнда жаңадан тұрғын үйлер, әлеуметтік бағыттағы нысандар бой көтеріп, көшелеріміз көріктендіріліп, ауылымыз танымастай өзгеріп келеді. Таяуда Тереңкөл ауылында маңызды оқиға болды. Конституция күні қарсаңында «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында іске қосылған...

Толық

АРМЫСЫҢ, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ!

жаңалықтар

АРМЫСЫҢ, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ!

Білім күні биылғы жылы да елімізде сан мыңдаған балаларға есіктерін айқара ашты. Сарала күздің алғашқы күнімен бірге басталатын осынау сәт мектеп оқушылары өміріндегі ең бір айтулы күндердің бірі. Әсіресе алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндер үшін ерекше. Аудан орталығындағы Қатша...

Толық

МЕКТЕБІМЕ ТАҒЗЫМ

жаңалықтар

МЕКТЕБІМЕ ТАҒЗЫМ

Облыс өңірлерінде Қазақстан Республикасы Президенті, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұсынылған, «Туған жер» жобасын жүзеге асыру шеңберінде үлкен жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – «Мектебіме тағзым» акциясы. Акцияның мақсаты – белгілі ел азаматтарын өздерінің түлеп...

Толық

Қайықпен жүзудің ережелері

жаңалықтар

Судағы қауіпсіздіктің маңызды шарттарының бірі – қайықпен суда жүзудің ережелерін қатаң сақтау. Жүзуге толықтай жабдықталмаған, не болмаса ақауы бар қайықпен шығуға болмайды. Қайыққа мінбес бұрын қажетті жабдықтардың барына көз жеткізу керек. Ескек, релі, ескек тұтқасы, құтқару шеңбері, сондай- ак адам...

Толық

Бүгінде ауданымызда елді мекендердің көркеюі жолында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі аудандағы тірек ауылдардың бірі - Байқоныс ауылының мәдениет үйінің төбесіне жасалып жатқан күрделі жөндеу. Жұмыстар тамызда басталып, қыркүйектің соңында аяқталмақ. Байқоныс ауылында биыл мектептің күрделі жөндеуі аяқталып, жаңа оқу жылына мектеп жаңа кейіппен еніп отыр. Мектептің терезелері ауыстырылып, оқушылардың жаңарған білім мекемесінде білім алуларына жағдай жасалды. Сондай-ақ, биыл сонау тоқсаныншы жылдардан бері жөндеу көрмеген мәдениет үйінің ескі төбесін қалыпқа келтіріп, күрделі жөндеу жұмыстары қол алынған. Ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Д.Молдагельдиновтың айтуынша, күрделі жөндеу «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа жасалуда. Оған 17 млн. теңге көлемінде қаражат жұмсалған. Нысанның бас мердігері «Апалин» ЖШС. Жұмыстарды қыркүйектің аяғында тапсыруды жоспарлап отыр. Нысанда мердігер серіктестіктің жұмыскерлерінен басқа, ауылдың екі азаматы жұмыспен қамтылған. Елбасының өзі ауылды «ұлттың – ұйытқысы, алтын бесігі» деп айтқан. Демек, мемлекеттің тірегі, іргетасы да ауылда, тамырымыз да ауылда. Ауыл көркеймесе, ауыл тұраласа, мемлекеттің еңсесі ешқашан көтеріле алмақ емес. Осы тұрғыда тоқырау жылдарынан жөнделмеген мәдениет ошақтары мен білім ордалары күрделі жөндеуден өтіп, ауылдың инфрақұрылымын жақсарту бірізділікке көшті десек артық болмас. Алдағы жылы мәдениет үйінің іші жөнделіп, сыртқы қасбеті жаңа кейіпке енбек. Бір кездері дүркіреген ауыл өнерпаздары сахнаның сәнін кіргізген, талай елге танымал өнерпаздардың табаны тиген қасиетті орын ауыл тұрғындарына әлі талай жылдар қызмет көрсетері сөзсіз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
 

 

 

©"Качир ауданы әкімінің аппараты" ММ