ҚР Президентінің сайты / Мемлекеттік рәміздер / Нашар көретіндерге                                                                                    Қазақша / Орысша
http://www.zoofirma.ru/

Кашыр ауданында терроризмге қарсы оқулар өткізілуде

жаңалықтар

Кашыр ауданында терроризмге қарсы оқулар өткізілуде

2017 жылдың 13 қазанында терроризмге қарсы операциялар өткізу жөніндегі жедел штаб аудандық мәденет үйі негізінде жоспарлы жедел тактикалық оқулар ұйымдастырды. Осы оқулар шеңберінде террорлық актілер қаупін азайту және зардабын жою іс-қимылдары өткізілді.    

Толық

МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Бүгінде ауданымызда елді мекендердің көркеюі жолында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі аудандағы тірек ауылдардың бірі - Байқоныс ауылының мәдениет үйінің төбесіне жасалып жатқан күрделі жөндеу. Жұмыстар тамызда басталып, қыркүйектің соңында аяқталмақ. Байқоныс ауылында биыл мектептің күрделі жөндеуі аяқталып, жаңа оқу...

Толық

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ТАРТУ

жаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ТАРТУ

Біздің аудан орталығымыз күн сайын жаңа кейіпке еніп, жанданып келеді. Мұнда жаңадан тұрғын үйлер, әлеуметтік бағыттағы нысандар бой көтеріп, көшелеріміз көріктендіріліп, ауылымыз танымастай өзгеріп келеді. Таяуда Тереңкөл ауылында маңызды оқиға болды. Конституция күні қарсаңында «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында іске қосылған...

Толық

АРМЫСЫҢ, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ!

жаңалықтар

АРМЫСЫҢ, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ!

Білім күні биылғы жылы да елімізде сан мыңдаған балаларға есіктерін айқара ашты. Сарала күздің алғашқы күнімен бірге басталатын осынау сәт мектеп оқушылары өміріндегі ең бір айтулы күндердің бірі. Әсіресе алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндер үшін ерекше. Аудан орталығындағы Қатша...

Толық

МЕКТЕБІМЕ ТАҒЗЫМ

жаңалықтар

МЕКТЕБІМЕ ТАҒЗЫМ

Облыс өңірлерінде Қазақстан Республикасы Президенті, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұсынылған, «Туған жер» жобасын жүзеге асыру шеңберінде үлкен жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – «Мектебіме тағзым» акциясы. Акцияның мақсаты – белгілі ел азаматтарын өздерінің түлеп...

Толық

Қайықпен жүзудің ережелері

жаңалықтар

Судағы қауіпсіздіктің маңызды шарттарының бірі – қайықпен суда жүзудің ережелерін қатаң сақтау. Жүзуге толықтай жабдықталмаған, не болмаса ақауы бар қайықпен шығуға болмайды. Қайыққа мінбес бұрын қажетті жабдықтардың барына көз жеткізу керек. Ескек, релі, ескек тұтқасы, құтқару шеңбері, сондай- ак адам...

Толық

Біздің аудан орталығымыз күн сайын жаңа кейіпке еніп, жанданып келеді. Мұнда жаңадан тұрғын үйлер, әлеуметтік бағыттағы нысандар бой көтеріп, көшелеріміз көріктендіріліп, ауылымыз танымастай өзгеріп келеді. Таяуда Тереңкөл ауылында маңызды оқиға болды. Конституция күні қарсаңында «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында іске қосылған 16 пәтерлі жастар жатақханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Д.Тұрғанов, аудан әкімі Ж.Шұғаев, ауыл тұрғындары мен жаңа баспана кілтіне ие болған жастар қауымы қатысты. Жатақхана жанына халық көп жиналды. Баспаналы болып отырған жастардың көңіл - күйлері көтеріңкі. Оларды маңызды мерекемен құттықтауға ата-аналары мен туыстары да келіпті. Жиналған көпшілік қауымды облыс әкімінің орынбасары Д.Тұрғанов құттықтап, жаңа жатақхананың іске қосылуы бұл ең алдымен Елбасының әлеуметтік саясатының жарқын дәлелі екенін атап өтті. Облыс әкімінің орынбасарының айтуынша, бұл жобаның жалпы құны 160 млн. теңгені құрап отыр. Биылғы жылы облысымызда 100 мыңнан аса шаршы метрді құрайтын баспана пайдалануға беріліп, елімізде халықты сапалы да қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі жақсы жолға қойылғанын тілге тиек етті. Алдағы уақытта да осындай жайлы баспана салу қарқыны әрі қарай үздіксіз жалғаспақ. Сондай-ақ Д.Тұрғанов өз сөзінде аталмыш әлеуметтік нысанды жоспардан бұрын іске қосқан құрылысшыларға да арнайы ризашылығын білдірді. Жаңадан бой көтерген жалдамалы жатақхананың аумағы орташа алғанда 40 шаршы метрді құрайды екен. Әрі қарай шара барысында аудан әкімі Ж.Шұғаев, «Портал ПВ» ЖШС бас директоры М.Ичиев құттықтау сөз айтты. Мерекенің көркін келтірген ақ жаулықты әжелеріміз дәстүрлі шашу шашты. Шара соңында облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі пәтер иелеріне кілттерді салтанатты жағдайда табыстады. Көптен күткен пәтерге ие болғандардың ішінде Тереңкөл ауылындағы № 2 орта мектебінің мұғалімі Ә. Ахметова, балалар үйінің тәрбиешісі А.Жакупова, кітапхана қызметкері А.Арынова, жас отбасы О.Пеньковская, Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.Нұржан, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы А.Қанайбеков, жас отбасы Н.Балапанов, ветеринария бөлімінің бас маманы У.Батталов, педагог Е.Торопчина, жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы С.Қалиева, ауылдық округ әкімі Д.Айтышев, «Максим Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесі» ММ директоры Д.Қонақбаев, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері А.Темірболатов, «Азаматтарға арналған үкімет» МК АҚ «Павлодар облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті Качир аудандық бөлімшесінің» HR-менеджері Ә.Мирманова бар. Жаңа жатақхананы аралаған облыс әкімінің орынбасары жастарды қоныстарымен құттықтады. Ішкі істер бөлімінің полицейі Айдар Темірболатов (суретте) жеті жыл пәтер алуға кезекте тұрған. Үйленген. Бір баласы бар екен. - Пәтер аламын деген ойда жоқ. Кезекте тұрып, тоса - тоса үмітімді үздім. Мереке қарсаңында жатақханадан үй беріледі дегенде біртүрлі сенбей қалдым. Қуанышымда шек жоқ. Аудан әкіміне отбасым атынан ризашылығымды білдіремін,- дейді құқық қорғау органының қызметкері. Сондай-ақ ХҚКО жас менеджері Әсемгүл Мирманова (суретте) да бұл бақытты сәтті 8 жыл күткен көрінеді. Қолына пәтер кілтін алған Әсемгүл қуаныштан көз жасын жасыра алмады. Ол жақында мектеп жасындағы ұлы, ата-анасымен бірге қоныс мейрамын атап өтпекші. Пәтерлі болған жастар қауымы жан-жақты әлеуметтік қолдау танытып отырған Елбасына, аудан әкіміне зор алғыстарын жеткізді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
 

 

 

©"Качир ауданы әкімінің аппараты" ММ