ҚР Президентінің сайты / Мемлекеттік рәміздер / Нашар көретіндерге                                                                                    Қазақша / Орысша
http://www.zoofirma.ru/

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

жаңалықтар

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

Жақында Павлодар облысы Дін істері басқармасы жанындағы конфессияаралық қарым - қатынастарын талдау және дамыту Орталығының ақпараттық - түсіндіру бөлімінің басшысы Зайда Асанбаева жергілікті агротехникалық колледжінің студенттерімен кездесіп, «Қазіргі заманғы діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізді. Бұл аталмыш бөлім қызметкерлері...

Толық

МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

жаңалықтар

МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында жемқорлықты жою жөнінде айтып өткен еді. 16 қараша күні Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын...

Толық

БОРЫШКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

жаңалықтар

БОРЫШКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

17 қараша күні аудандық жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық прокуратурасының бірлесіп ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Ай сайын өткізілетін жәрмеңкеге алимент төлемей жүрген борышкерлер мен жұмыссыздар шақырылды. Аталмыш іс - шараға Качир ауданының прокуроры Қ.Атығаев, аудандық...

Толық

Жәрмеңке көңілдегідей болмады

жаңалықтар

  Жәрмеңке көңілдегідей болмады

Өткен сенбіде Тереңкөл ауылында ауыл шаруашылық қызметкерлері күніне орай жәрмеңке өтті. Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің берген ақпаратына сүйенсек, ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар 638 - келі сиыр, 120 келі қой, 207 келі жылқы, 640 келі...

Толық

ТЕҢ МЕН ТЕҢ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

жаңалықтар

Құрметті Качир ауданының тұрғындары мен қонақтары! 2017 жылғы 8 қарашада сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында масштабы бүкіл елді қозғайтын орасан зор іс-шара – Тең мен тең – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі, өтеді. Егер Сіздің білім беру,...

Толық

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢДІГІ

жаңалықтар

                       ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢДІГІ

Қазақстан Республикасының гендрлік саясат концепциясы - Қазақстандағы гендерлік саясаттың мақсатымен принциптік міндетін көрсетеді. Гендерлік саясаттың негізгі принципі Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген әйелдер мен ерлердің бостандығы мен тең құқығы. 13 қазан күні «Нұр Отан» партиясы АФ да «Қазақстандағы 2030 жылға...

Толық

Білім күні биылғы жылы да елімізде сан мыңдаған балаларға есіктерін айқара ашты. Сарала күздің алғашқы күнімен бірге басталатын осынау сәт мектеп оқушылары өміріндегі ең бір айтулы күндердің бірі. Әсіресе алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндер үшін ерекше. Аудан орталығындағы Қатша Оспанова атындағы № 3 білім беру мекемесінде Білім күніне орай өткен салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Қарлығаш Едрішева қатысып, мектеп оқушыларын, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отырған 1 сынып оқушыларына Президентіміз Н.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным - Қазақстан» кітабын тарту етті. Содан кейін мектептің жаңадан тағайындалған басшысы Гүлнара Ахметжанова және 1 сынып оқушыларының ата - аналары атынан Гүлнұр Қайыржанова да оқушылар мен ата – аналарды осынау айтулы күнмен құттықтап, ұстаздар қауымына жаңа оқу жылында жаңа табыстар тіледі. Биылғы жылы 46 оқушы мектеп табалдырығын аттап отыр екен. Олар жаңартылған білім мазмұнымен білім алатын толқынның екінші легі. Былтыр елімізде жаңа білім мазмұнымен оқытылатын оқулықтар, бағдарламалар енгізілген болатын. *** Табиғаттың осынау бір керемет күз мезгілі сыңғырлаған қоңырау үнімен, мектептегі ұстаздар мен оқушылардың қарбалас сағынса табысуға қуанышты сәттерімен қызық қой. Мінеки, жадырған жаз мезгілі қас қағым сәтте өте шығып, қоңыр күз де келіп жетті. Қыркүйектің басы – тек жаңа оқу жылының басталуы емес, сонымен қатар достардың жылы жүзді кездесуі, үлкендер мен балалардың қызыққа толы ерекше мереке күні. Бұл - таңғажайып білім әлеміне саяхат. Күз айы келсе де, күннің көзі әлі шуағын молынан шашып тұр. Білім күні ауа райы тамаша болды. Песчан ауылындағы № 2 орта мектебінде білім күні салтанатты жағдайда аталып өтіліп, оған Песчан ауылдық округінің әкімі Алтынай Дүйсембаева, аудандық білім бөлімінің басшысы Жайнат Билялова, мектеп оқушылары мен ата-аналар қатысты. Құттықтау сөз кезегін алған білім беру бөлімінің басшысы Ж.Билялова, мектеп директоры Н.Әліпова, ауыл әкімі А.Дүйсембаева мектеп оқушылары мен ұстаздар, ата-аналар қауымын білім күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Бұл күні мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған ақ көйлек киіп, ақ бантик таққан 1 ші сынып жеткіншектері ортаға шығып, тақпақ оқып, би биледі. Он бірінші сынып оқушылары 1 ші сыныпқа барғалы тұрған балаларға арнайы сыйлықтарын табыстады. Білім күні тек оқушылардың ғана мейрамы емес, сонымен бірге жас ұрпақты білім шыңына жетелейтін ұстаздар мен ата-аналардың да мерекесі болғандықтан, олар да өз тілектерін айтып, барша оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Білім күні барлық сыныптарда тәрбие сағаты өтеді. Мінеки, жаңа оқу жылының қоңырауы да соғылды. Әрине, бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қонырау үні оларды қызыққа толы асуларға жетелейтін таңғажайып қадам. Мектеп жеткіншектері үлкен асқақ армандарын жетелеп, жаңа үмітпен білім нәрін сусындау үшін жылы ұя мектептеріне бет алды. Ендеше, баршаларыңызға жаңа оқу жылы құтты болсын дейміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
 

 

 

©"Качир ауданы әкімінің аппараты" ММ