ҚР Президентінің сайты / Мемлекеттік рәміздер / Нашар көретіндерге                                                                                    Қазақша / Орысша
http://www.zoofirma.ru/

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

жаңалықтар

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

Жақында Павлодар облысы Дін істері басқармасы жанындағы конфессияаралық қарым - қатынастарын талдау және дамыту Орталығының ақпараттық - түсіндіру бөлімінің басшысы Зайда Асанбаева жергілікті агротехникалық колледжінің студенттерімен кездесіп, «Қазіргі заманғы діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізді. Бұл аталмыш бөлім қызметкерлері...

Толық

МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

жаңалықтар

МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында жемқорлықты жою жөнінде айтып өткен еді. 16 қараша күні Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын...

Толық

БОРЫШКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

жаңалықтар

БОРЫШКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

17 қараша күні аудандық жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық прокуратурасының бірлесіп ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Ай сайын өткізілетін жәрмеңкеге алимент төлемей жүрген борышкерлер мен жұмыссыздар шақырылды. Аталмыш іс - шараға Качир ауданының прокуроры Қ.Атығаев, аудандық...

Толық

Жәрмеңке көңілдегідей болмады

жаңалықтар

  Жәрмеңке көңілдегідей болмады

Өткен сенбіде Тереңкөл ауылында ауыл шаруашылық қызметкерлері күніне орай жәрмеңке өтті. Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің берген ақпаратына сүйенсек, ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар 638 - келі сиыр, 120 келі қой, 207 келі жылқы, 640 келі...

Толық

ТЕҢ МЕН ТЕҢ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

жаңалықтар

Құрметті Качир ауданының тұрғындары мен қонақтары! 2017 жылғы 8 қарашада сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында масштабы бүкіл елді қозғайтын орасан зор іс-шара – Тең мен тең – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі, өтеді. Егер Сіздің білім беру,...

Толық

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢДІГІ

жаңалықтар

                       ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢДІГІ

Қазақстан Республикасының гендрлік саясат концепциясы - Қазақстандағы гендерлік саясаттың мақсатымен принциптік міндетін көрсетеді. Гендерлік саясаттың негізгі принципі Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген әйелдер мен ерлердің бостандығы мен тең құқығы. 13 қазан күні «Нұр Отан» партиясы АФ да «Қазақстандағы 2030 жылға...

Толық

Облыс өңірлерінде Қазақстан Республикасы Президенті, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұсынылған, «Туған жер» жобасын жүзеге асыру шеңберінде үлкен жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – «Мектебіме тағзым» акциясы. Акцияның мақсаты – белгілі ел азаматтарын өздерінің түлеп ұшқан алтын ұя мектептеріне қол ұшын созып, демеушілік көрсету. Мектептің материалдық – техникалық базасының жаңартылуына, осындағы оқушыларға қамқорлық таныту. Сәрсенбі, 6 қыркүйек күні ауданымызға өзіміздің жерлесіміз, облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Александрович Берковский келді. Береговой ауылында болып, осындағы өзі білім алған Береговой орта мектебінде «Шахмат кабинетінің» ашылуына қатысты. Мектеп оқушылары, мұғалімдер және мектепке демеушілік көрсетіп отырған түлектер салтанатты сәттің куәсі болып, мектептің мұражайын аралап, осындағы өзгерістерді көрді. Осы мектептен білім алған В.Берковский бірқатар түлектермен бірлесіп мектепке 1,6 миллион теңге сомасында қаржыға шахмат кабинетін жабдықтап және жаңа музыкалық аппаратулар әперуді жоспарлаған. Міне, сол жоспар жүзеге асып, жарық та әсем безендірілген шахмат кабинеті заманауи жабдықтармен есігін айқара ашты. Бұл мектеп оқушылары үшін үлкен жаңалық болды. Терезелеріне жиналмалы перделер, еденіне жаңа төсеніш, кабинеттің қабырғалары шахмат тақырыбына арналған суреттермен безендірілген. -Біздің Павлодар облысы білім беру саласы жағынан республикада көшбасында. Түрлі жылдарда мектеп бітіріп, бүгінде еліміздің әр саласында жүрген белгілі азаматтар өздері түлеп ұшқан мектептеріне демеушілік көрсетіп, Елбасының бағдарламалық мақаласында айтылған ойларға қолдау танытып, азаматтық істер атқарып жатыр. Облыста үш ауысымда оқитын мектептер жоқ. Мектеп алдындағы балғындардың барлығы балабақшамен қамтылып отыр. Жыл сайын мектеп түлектерінің ҰБТ дағы көрсеткіштері артып келеді. Биылғы жылы біздің облыс республикада алдыңға қатардан көріндік. Бұның барлығы Президентіміздің тапсырмалары біздің облыста толығымен жүзеге асып жатқандығын көрсетеді, - дей келе біздің ауданның да мектептерінде оң өзгерістердің барлығын атап айтты. -Осында келердің алдында Байқоныс, Песчан ауылдарында болдым. Жолдар жөнделіп, көшелер түзеліп, мектеп аулалары гүлге көмкеріліп, ғимараттар жаңа кейіпке еніп қалыпты. Қандай ғажап! Біздің балаларымыз бен немерелеріміз осындай қаладан еш кем емес білім ошақтарында білім алып жатқандығы мені қуантады. Жаңа оқу жылында Сіздерге жаңа табыстар, отбасыларыңызға амандық, ауданның көркеюі жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін,- деп ізгі тілегін жеткізді. Мектеп ұжымы дайындаған шағын концертті тамашалады. «Нұр Отан» партиясының АФ төрағасы, аудан әкімі Ж.Шұғаев мектепке демеушілік көрсеткен бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады. Осы салтанатты сәтті пайдаланып, облыстық мәслихаттың хатшысы В.Берковский Береговой аулының тұрғыны, «Түлеков» ШҚ басшысы Аманжол Түлековты облыстық мәслихаттың Алғыс хатымен марапаттады. Алтын ұя мектептеріне осындай тамаша сый тарту етіп отырған азаматтарға аудан әкімі Ж.Шұғаев, ауылдың қадірменді ақсақалдары Н.Жакупов, Ю.Шаров және ауылдық округ әкімі Р.Құланбаев алғыстарын білдірді. Акцияға қолдау білдірген Береговой мектебінің түлектері –Қ.Абсалямов, К.Ахметов, С.Баяндинов, Б.Бейсебаева, В.Берковский, А.Джанаргалиев, О.Джанаргалиев, Р.Джанаргалиев, А.Жакупов, Ю.Щербак, А.Щербак, Е.Рахимов, Т.Тоқтасов сынды азаматтарға ауыл тұрғындары зор ризашылықтарын білдіреді. Айта кетсек, «Мектебімен тағзым» акциясы – еліміз бойынша Павлодар облысында ғана іске асырылып жатқан бірегей жоба. Ол биылғы жылдың 25 мамырында бастау алған болатын. Дәл осы Береговой ауылындағы осынау тамаша дәстүрді өзге мектептер де қолға алып, түлектер өз алтын ұя мектептеріне тарту жасап жатса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
 

 

 

©"Качир ауданы әкімінің аппараты" ММ