ҚР Президентінің сайты / Мемлекеттік рәміздер / Нашар көретіндерге                                                                                    Қазақша / Орысша
http://www.zoofirma.ru/

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

жаңалықтар

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

Жақында Павлодар облысы Дін істері басқармасы жанындағы конфессияаралық қарым - қатынастарын талдау және дамыту Орталығының ақпараттық - түсіндіру бөлімінің басшысы Зайда Асанбаева жергілікті агротехникалық колледжінің студенттерімен кездесіп, «Қазіргі заманғы діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізді. Бұл аталмыш бөлім қызметкерлері...

Толық

МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

жаңалықтар

МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында жемқорлықты жою жөнінде айтып өткен еді. 16 қараша күні Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын...

Толық

БОРЫШКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

жаңалықтар

БОРЫШКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

17 қараша күні аудандық жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық прокуратурасының бірлесіп ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Ай сайын өткізілетін жәрмеңкеге алимент төлемей жүрген борышкерлер мен жұмыссыздар шақырылды. Аталмыш іс - шараға Качир ауданының прокуроры Қ.Атығаев, аудандық...

Толық

Жәрмеңке көңілдегідей болмады

жаңалықтар

  Жәрмеңке көңілдегідей болмады

Өткен сенбіде Тереңкөл ауылында ауыл шаруашылық қызметкерлері күніне орай жәрмеңке өтті. Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің берген ақпаратына сүйенсек, ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар 638 - келі сиыр, 120 келі қой, 207 келі жылқы, 640 келі...

Толық

ТЕҢ МЕН ТЕҢ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

жаңалықтар

Құрметті Качир ауданының тұрғындары мен қонақтары! 2017 жылғы 8 қарашада сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында масштабы бүкіл елді қозғайтын орасан зор іс-шара – Тең мен тең – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі, өтеді. Егер Сіздің білім беру,...

Толық

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢДІГІ

жаңалықтар

                       ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢДІГІ

Қазақстан Республикасының гендрлік саясат концепциясы - Қазақстандағы гендерлік саясаттың мақсатымен принциптік міндетін көрсетеді. Гендерлік саясаттың негізгі принципі Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген әйелдер мен ерлердің бостандығы мен тең құқығы. 13 қазан күні «Нұр Отан» партиясы АФ да «Қазақстандағы 2030 жылға...

Толық

Мемлекет басшысы Жолдауында жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру ісін осы тірек ауылдық елді мекендерін кешенді дамыту арқылы жүзеге асыру тапсырылған болатын. «Ауылдың амандығы- елдің амандығы» ,- деп Елбасы бекер айтпаса керек. Бүгінде ауданымызға қарасты ауыл-аймақтарымыз күн санап жақсарып, жақсы жаққа өзгеріп келе жатқанын көріп отырмыз. Ең алдымен ондағы тұрғындардың тіршілік – тынысы, әлеуметтік жағдайы оңалғаны байқалады. Әрине бұл ең алдымен ауыл адамына, ауылға деген Үкімет тарапына көрсетілетін жан-жақты қамқорлықтан болар. Жыл сайын түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауылдар мен шағын елді мекендерде жаңа әлеуметтік мәдени нысандар бой көтеріп, ескірген ғимараттар қайта жаңғырып, халыққа қызмет көрсететін инфроқұрылымдар саны көбейіп келеді. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде ауыз толтырарлықтай өзгерістер орын алды. Бұл оң өзгерістерді әр шағын ауылда, ірі мекенде де кездестіруге болады. Елбасы айтқандай бәсекеге қабілетті мықты дамыған елу ел қатарына еңген тәуелсіз, егеменді еліміз, әр бір алыс- жақын ауылдарымыз бір он- жиырма жылда бұдан да танымастай жағдайға жететініне біздің күмәніміз жоқ. Бүгінгі күні сол 30 ел қатарына кіру жолында талай игі шаралар жүзеге асып жатыр. Бүгінде Павлодар облысы бойынша 31 тірек ауылдары бар екен.Ақпарат көздеріне сүйенетін болсақ, биылғы 2017 жылы облыстағы тірек ауылдарды дамыту үшін 5,4 млрд теңге, ал енді 2018 жылы4,9 млрд теңге қомақты қаражат бөлініп отыр екен. Мысалы, келешекте Жанабет,Федоровка су құбыры салынады деп жоспарлануда. Байқоныс, Жаңабет елді мекендердінде суармалы алқаптарды әрі қалай арттыру көзделіп отыр. Енді бұл тірек елді мекендерде инфроқұрылымдар жаңартылады. Ең бастысы әрине бұл тірек ауылдардағы тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып, бюджетке салық төлеуге қауқарлы кәсіпорын болу керек. Тірек ауылдарының әкімдері бюджет қаражатына қол соза бермей, тірек ауылдардың қажеттілігіне сай инвесторларды іздеу керек деген облыс әкімі тапсырма берген болатын. Аудандық орталыққа қарасты Бобровка ауылдық округі тірек ауылдарына жататыны белгілі. Бұл тірек ауылдарына үкімет тарапынан қолдау танытылуда. Алдағы уақытта тірек елді мекендердің тұрғындарын жұмыспен қамту және әләуқатын жақсарту мақсатында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асыру, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өндіріс орындары ашылуы жоспарлануда. Сондықтан да бұл ауылдардың әрі қарай алға басып дамуы тұрақты назарда десек артық болмас. Өйткені тірек ауылдарында адамға әлеуметтік жағдайлар жасалып, жұмыс болса, халықтың ауылдан көшіп, басқа жаққа қоныс аударуы азаяды, жастарымыз да екі қолына күрек тауып, туған ауылында тұрақтанады деген сөз. Ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ә.Ибраеваның айтуынша, жұмыс істеймін, жаңа мамандық игеремін деп ниет білдіргендерге де жол ашық. Олар кәсіби жұмысшы мамандық игеруге Тереңкөл ауылындағы колледжде арнайы курстарда оқып, ауыл шаруашылығы қажет мамандықтарды игере алады. Оларға үкімет арнайы шәкіртақы мен жол ақылары төленетіні тағы бар. Бұл жастар үшін жақсы мүмкіндік. Сондай-ақ өз ісін ашып, бизнесін ширатамын деушілерге де арнай бағдарламалар бойынша талай мүмкіндіктер бар. Тек қана ауылдықтардың белсенділіктері мен ниеттері болса болғаны. Өйткені олардың көбі ірі қара мал ұстайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
 

 

 

©"Качир ауданы әкімінің аппараты" ММ