ҚР Президентінің сайты / Мемлекеттік рәміздер / Нашар көретіндерге                                                                                    Қазақша / Орысша
http://www.zoofirma.ru/

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

жаңалықтар

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

Жақында Павлодар облысы Дін істері басқармасы жанындағы конфессияаралық қарым - қатынастарын талдау және дамыту Орталығының ақпараттық - түсіндіру бөлімінің басшысы Зайда Асанбаева жергілікті агротехникалық колледжінің студенттерімен кездесіп, «Қазіргі заманғы діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізді. Бұл аталмыш бөлім қызметкерлері...

Толық

МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

жаңалықтар

МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында жемқорлықты жою жөнінде айтып өткен еді. 16 қараша күні Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын...

Толық

БОРЫШКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

жаңалықтар

БОРЫШКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

17 қараша күні аудандық жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық прокуратурасының бірлесіп ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Ай сайын өткізілетін жәрмеңкеге алимент төлемей жүрген борышкерлер мен жұмыссыздар шақырылды. Аталмыш іс - шараға Качир ауданының прокуроры Қ.Атығаев, аудандық...

Толық

Жәрмеңке көңілдегідей болмады

жаңалықтар

  Жәрмеңке көңілдегідей болмады

Өткен сенбіде Тереңкөл ауылында ауыл шаруашылық қызметкерлері күніне орай жәрмеңке өтті. Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің берген ақпаратына сүйенсек, ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар 638 - келі сиыр, 120 келі қой, 207 келі жылқы, 640 келі...

Толық

ТЕҢ МЕН ТЕҢ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

жаңалықтар

Құрметті Качир ауданының тұрғындары мен қонақтары! 2017 жылғы 8 қарашада сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында масштабы бүкіл елді қозғайтын орасан зор іс-шара – Тең мен тең – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі, өтеді. Егер Сіздің білім беру,...

Толық

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢДІГІ

жаңалықтар

                       ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢДІГІ

Қазақстан Республикасының гендрлік саясат концепциясы - Қазақстандағы гендерлік саясаттың мақсатымен принциптік міндетін көрсетеді. Гендерлік саясаттың негізгі принципі Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген әйелдер мен ерлердің бостандығы мен тең құқығы. 13 қазан күні «Нұр Отан» партиясы АФ да «Қазақстандағы 2030 жылға...

Толық

Жаздың екінші айы да аяқталуға жақын. Көреген дана халқымыз «қыс азығын, жаз жина» деп бекер айтпаса керек. Ауа -райының қолайсыздығына қарамастан, қыс қамын ерте ойлаған шаруалар мал азығын дайындау жұмыстарына күні бұрын кірісіп кеткен. Осы ретте Береговой ауылдық округіне жұмыс сапарымызбен барып, қырдағы жұмыс қарқынымен таныстық. Бүгінгі таңда ауылдық округте 1403 га шабындық жер бар. Әр гектарға 10 центнерден пішен дайындалады деп күтілуде. Мал азығын дайындайтын шаруа қожалықтардың ішінде аумағы кең шабындық «Шаров» ШҚ-да, шабындық жер аумағы 756 га құрап отыр. Сондай-ақ, төрт – түліктің бабын тауып, қысқа әзірлік жасап жатқандар «Адам», «Аманжол», «Динара», «Береговое» сынды шаруа қожалықтары. Ауылдық округте малға арналған пішен далалық шөптен, көпжылдық шөптен, шабындық шөптен әзірленеді. Береговой ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Аяпберген Аяпысбаев шабындық аймақтарда жұмыстың қызу жүріп жатқанын, бірқатар жоспардың ойдағыдай орындалып та болғанын айтып өтіп, пішен дайындап жатқан алқаптарды көрсетті. Жолымыз болып, бұл күні жаңбыр жапқан жоқ. Шілденің ашық күндерін пайдаланып, шаруалар да шөпке шыққан көрінеді. А.Алпыспаевтың бастауымен, «Адам» шаруа қожалығына қарасты жерге келіп жеттік. Бұнда жұмыс енді қыза бастаған екен. Алдымен, көзіміз бастырылған шөпке түсті, оны пресс-сұрыптаушымен сығымдап, дестелеген. Шабындық алқапта комбайн тоқтаусыз шөп шауып жүр. Шабылған шөп бірден жиналып жатыр. Осындай қарбалас тірлікті жасап жатқан шаруашылықтың пішеншілерімен сөйлесіп, жұмыс барысын сұрастырдық. «Адам» шаруа қожалығының шабындық алқабы 280 га құрайды. Әр гектарынан 12 центнерге дейін шөп жинау жоспарлануда. Пішеншілер шабындыққа 5 шілде шыққан. Негізінен далалық жоңышқа (люцерна) мен бидайық (житняк) шөптері шабылады. Қыр жұмысына үш бірлік техника жұмылдырылған, олар комбайн, пресс-сұрыптаушы, шөп жинаушы, шөп артатын екі трактор. Осы техниканың тілін тауып, өз ісінің қыр-сырын меңгерген үш азамат еңбек етуде. Солардың бірі, тәжірибелі механизатор, шабындықтың бригадирі Азамат Сүлейменов. Ол «Адам» ШҚ –да 5 жыл жұмыс істеп келеді. «Жыл сайын қысқы мал азығын дайындау науқанында тыңбай еңбек етеміз. Биыл ауа-райы да қуантпай тұр. Сонда да қырға ерте шықтық. Бүгіннің өзін 350 центнер шөп әзірледік. Биыл 2800 центнер мал азығын әзірлеу жоспарланды», - деді бригадир. Шөп артатын трактордың механизаторы Сергей Вайгант шаруашылықта істегеніне көп болмаса да, жалақысының жаман еместігін айтады. Техника жарамды, жанар-жағармай жеткілікті екенін айтты. Әзірге әр күн әр қалай, бірақ жұмысты тоқтатпауға тырысады. Шабылған шөпті жаңбырға қалдырмай жинап, бірден тасып отырады. «Қыста малыңды бақ, жазда шөбiңдi шап» деп қазақ тегiн айтпаған. Ертеңгi қыраулы қыс та қысылып қалмас үшiн де мал азығы қорын осы бастан сайлап алу керек. Қазір барлық күш-жігер осы мақсатқа жұмылдырылған.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
 

 

 

©"Качир ауданы әкімінің аппараты" ММ