ҚР Президентінің сайты / Мемлекеттік рәміздер / Нашар көретіндерге                                                                                    Қазақша / Орысша
http://www.zoofirma.ru/

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

жаңалықтар

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

Жақында Павлодар облысы Дін істері басқармасы жанындағы конфессияаралық қарым - қатынастарын талдау және дамыту Орталығының ақпараттық - түсіндіру бөлімінің басшысы Зайда Асанбаева жергілікті агротехникалық колледжінің студенттерімен кездесіп, «Қазіргі заманғы діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізді. Бұл аталмыш бөлім қызметкерлері...

Толық

МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

жаңалықтар

МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында жемқорлықты жою жөнінде айтып өткен еді. 16 қараша күні Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын...

Толық

БОРЫШКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

жаңалықтар

БОРЫШКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

17 қараша күні аудандық жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық прокуратурасының бірлесіп ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Ай сайын өткізілетін жәрмеңкеге алимент төлемей жүрген борышкерлер мен жұмыссыздар шақырылды. Аталмыш іс - шараға Качир ауданының прокуроры Қ.Атығаев, аудандық...

Толық

Жәрмеңке көңілдегідей болмады

жаңалықтар

  Жәрмеңке көңілдегідей болмады

Өткен сенбіде Тереңкөл ауылында ауыл шаруашылық қызметкерлері күніне орай жәрмеңке өтті. Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің берген ақпаратына сүйенсек, ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар 638 - келі сиыр, 120 келі қой, 207 келі жылқы, 640 келі...

Толық

ТЕҢ МЕН ТЕҢ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

жаңалықтар

Құрметті Качир ауданының тұрғындары мен қонақтары! 2017 жылғы 8 қарашада сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында масштабы бүкіл елді қозғайтын орасан зор іс-шара – Тең мен тең – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі, өтеді. Егер Сіздің білім беру,...

Толық

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢДІГІ

жаңалықтар

                       ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢДІГІ

Қазақстан Республикасының гендрлік саясат концепциясы - Қазақстандағы гендерлік саясаттың мақсатымен принциптік міндетін көрсетеді. Гендерлік саясаттың негізгі принципі Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген әйелдер мен ерлердің бостандығы мен тең құқығы. 13 қазан күні «Нұр Отан» партиясы АФ да «Қазақстандағы 2030 жылға...

Толық

Жаз – нағыз балалар демалатын мезгіл. Бүгінде мектеп оқушылары үшін демалуға барша мүмкіндік жасалған. Біреулер мектеп жанындағы лагерьде немесе алыс ауылдағы ата-әжелерінде демалып жатса, енді біреулер табиғаты әсем Баянауыл, Бурабай жерінде ата-аналарымен бірге жазғы демалыстарын қызықты өткізуде. Жылда дәстүрге орай, 12 шілде күні ауылдың шетіндегі жан-жағы жасыл тоғай қоршаған табиғаты әсем жерде «Ауыл» сауықтыру жазғы лагері балаларға есігін айқара ашты. Табиғат аясында түрлі оюлармен ұлттық нақышта өрнектелген киіз үйлері кәдімгі қазақ ауылын көзіңе елестетін секілді. Әр киіз үйдің маңында ошақ орналасып, ұлттық көйлек киген әжелеріміз иісі мүңкіген бауырсақ пісіріп, дәмі тілді үйіретін қымызды сапырып жатқанын көрдік. Жусаны мен жуасы, таңқурайы мен бүлдіргені аңқыған даланың иісі кімді болсын бей- пай қалдырмады. Әсіресе жазғы демалыстарын өткізуге келген мектеп жасындағы ұл - қыздардың көңіл- күйлері көтеріңкі. Балалардың бәрі ұлттық киім киген. Дәл ортада алтыбақан орын тепкен. Мереке күні шағын алыс-жақын ауылдардан келген оқушылар үшін ән- күйден өрілген тамаша концерттік бағдарлама ұсынылды. Лагерьдің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Р.Ибраева, ардагер педагог Л.Голубцова шын жүректен шыққан құттықтауларын жеткізді. Қазақ ұлттық киім киген өнерпаз оқушылар домбырада ән шырқап, күй шертіп, мерекенің мәні мен сәнін келтірді. Қазір Қ.Оспанова атындағы №3 қазақ орта мектебі базасында ашылған «Ауыл» жазғы лагерінде отызға таман балалар демалып, сауықтырылатын болады. Мектеп жасындағы жасөспірімдер мұнда ұлттық спорт түрлері: тоғызқұмалақ, асық ойындарын ойнап, қыздар ұлттық тағам дайындауды үйренеді. Қыз балалар лагерьде жүріп ұлттық нақыштағы ою- өрнекті салып, іс тігудің қыр- сырын меңгереді. Жеткіншектер арасында түрлі байқаулар мен сурет конкурстары, өнер додалары өтетін болады деп күтілуде. Қазақ халқының салт- дәстүрі,әдет- ғұрпы мен мәдениеті, өлең – жырларын, тілін сүйіп, құрметтеуге, Отанға деген қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық мәдени қарым- қатынасты қалыптастыру мақсатында ашылған «Ауыл» этно-сауықтыру лагерінің әр күні қызыққа толы болары сөзсіз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
 

 

 

©"Качир ауданы әкімінің аппараты" ММ