Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл

Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл

Жемқорлық қазіргі қоғамның тұрақты түрде мұқият зерделеуді, жүйелік ұстанымды, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін жағымсыз құбылысы болып табылады. Қолданыстағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы бір елде экономикалық даму, инвестициялық ахуалға жағымсыз әсерін тигізеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа деген халықаралық қызығушылықты төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып табылады. Барлық мемлекеттік органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы жоспарлар және ведомстволық бағдарламаларды қабылдайды, оларды түрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар енгізілген. Біздің «Качир ауданының ветеринария бөлімі» ММ де тыс қалған жоқ. Біздің бөлімнің барлық мамандар қызметтік міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын мүлтіксіз сақтайды. Бөлімге келіп түскен барлық азаматтардың өтініштері мемлекеттік қызметтерді алу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаралады.
Ағымдағы жылдың тоғыз айында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген қызметкерлері арасында құқыққа қарсы әрекет жасалған туралы шағымдар түскен жоқ.
Бөлімде лауазымдық тұлғалармен Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін 21-3-29 сенім телефоны бар, азаматтардың шағымдар мен өтініштер үшін жэәшік орнатылған.

 

 «Качир ауданының ветеринария бөлімі» ММ

 басшысы Анапиянов Т.М