Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ДЕРТІ

ЖЕМҚОРЛЫҚ  -  ҚОҒАМ ДЕРТІ

Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар, халықаралық деңгейдегі  түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Жемқорлық  қоғамның барлық салаларына: экономика, саясат, әлеуметтік салаларға кері әсер етеді. Жемқорлықтың теріс ықпалы  қоғамның прогрессивті түрде алға жылжуына  бөгет болып, еліміздің ұлттық қауіпсіздіктің мүддесіне орасан зор қауіп төндіретіні белгілі.  

Сонымен қатар, стратегиялық іс - шаралардан басқа мемлекетті органдар тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен  оны болдырмауда кешенді  шаралар жүргізіледі. Өйткені, жемқорлық  әлеуметтік құбылыс болғандықтан, мемлекеттік қызметтің имиджіне теріс әсер етіп, орасан зор нұқсан келтіреді, азаматтардың сенімдеріне  көлеңке түсіреді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп бергеніндей егеменді Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жою ең алдымен мемлекеттік саясатының   басты бағыттатарыні бірі  болып отыр.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік бағдарламасында айтылып өткеніндей, қоғам дерті олып табылатын сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы мен нарықтық экономикамыздың процесін тежеп,инвестицияларды тартуда, саяси және демократиялық мемлекеттің  қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, мемлекетіміздің әрі қарай алға қадам басуына  орасан зор қауіп төндіретіні белгілі.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолында егеменді мемлекетімізде   Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданып, онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген. Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі - лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық мен сатқындық танытуы.

Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігін сақтап, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу жайы қамтылып, жемқорлықпен күресу жалпыға ортақ міндет екені айтылған. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

 Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл - індет адамзат баласына жат қасиет. Кеңестік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдеті әлі болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының заңдылықтарының толық сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуіне ықпал ету мақсатында жұмыстар жүргізіле беретін болады.

 

«Качир ауданының жер қатынастары

бөлімі» ММ басшысы                                                                              Қ.Каметаев