Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Сыбайлас жемқорлық – демократия қаупі

Сыбайлас жемқорлық – демократия қаупі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау бойынша шаралар

       «Качир ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы орган болып табылады, бюджет орындалу мәселесі бойынша, аудан бюджетін атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу, аудандық коммуналдық меншікті басқару, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар үрдісіне мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.       

           Бөліммен сыбайлас жемқорлықты алдын алу, болдарымау бойынша қажетті шаралар қолданылады, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында осы жағымсыз құбылысты алдын алу үшін тұрақты жұмыс жүргізіледі. Коммуналдық меншік саласында аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту жөнінде іс-шаралар жүргізіледі, тиісті қабылдау-тапсыру актілері бекітіледі, аудандық коммуналдық мүлігін мүліктік (жалдау) жалға беру келісім шарттар бойынша өтеусіз ұсыну үшін іс-шаралар жүргізіледі, мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқа түріне тапсыру және қабылдау бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

       Бөліммен аудандық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алу жоспарларын уақытылы орналастыру бойынша бақылау жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу жозықсыз қатысушысын тану туралы тапсырыс берушілермен егер жабдықтаушы жасалған шартынан бас тартса, сондай -ақ жасалған шарт міндеттерін орындамау немесе дұрыс орындамау бойынша сотқа уақытылы жүгіну және талап арызды құрастыруына көмек көрсетіледі. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бұзушылықтарды болдырмау бойынша нормативтік құжаттарға қатысты түсіндірме, консультациялық және тәжірибелі көмек көрсетіледі.

Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелерінің бірыңғай мониторинг жүйесі жұмыс істейді. Барлық өтініштер бойынша уақытылы және толық жауап беріледі.                                                                      

          Жалпыға бірдей жерлерде азаматтардың өтініштері үшін жәшік орнатылған.

          Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалармен мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұзушылықтарын хабарлау үшін сенім телефоны бар.

         Өткен кезеңде мемлекеттік қызметшілердің құқыққа қарсы іс-әрекеттері туралы шағымдар түскен жоқ.

                                                     

Қаржы бөлімінің басшысы А. Тётеркина