Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

 «Качир ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті көрсетеді.

Бөлімде көрнекі жерде азаматтардың өтініштері үшін жәшік орнатылған, жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымдық тұлғаларының бұзушылық фактілерін хабарлау үшін сенім телефондары жұмыс істейді. Сенім телефонының нөмірі 21-1-69.

Бөлім басшысының бұйрығымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді жүргізу бойынша маман бекітілген. Азаматтардың өтініштеріне жауаптар заңмен белгіленген мерзімдерде беріледі. 2018 жылғы екі ай ішінде жеке тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері кірістері мен мүліктері туралы декларацияны жыл сайын тапсырады. Декларацияның растығын тексеру кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің құқыққа қайшы іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жоқ, есепті кезеңде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

 

 

 

 

«Качир ауданының экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімі» ММ-сі басшысы

Г.Н. Етекбаеваға