Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Жемқорлықпен күрес (Верненка ауылдық округі әкімінің аппараты)

Жемқорлықпен күрес - Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары жұмысының басым бағыты. Осы құбылыспен күреске бағытталған қазіргі заманғы құқықтық база құрылған.
"Верненка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құқықтық ақпараттандыоуды арттыру жіне заңдылықты, құқық тәртібі мен еңбек тәртібін күшейту мақсатында белгілі-бір жұмыстар жүргізілуде.
Ауылдық округ әкімінің аппаратында 2019 жылға арналған құқықтық жалпы оқыту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Оған сәйкес Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің негізгі ережелері туралы бірқатар заңдар қаралып, зерделенді.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде қаралады. Апта сайын, сейсенбі және жұма күндері сағат 15-тен 17-ге дейін ауылдық округ әкімі жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдайды. Бұл процесс кезінде әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау сақталады және бірінші кезекте оның мүнделері ескеріледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бекітілген стандартқа сәйкес жүзеге асырылады. Жалпыға қолжетімді жерлерде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты бар ақпараттық стендтер және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі орналастырылған стендтер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық парақшалар орналастырылған. Заңдылықты сақтау мақсатында әкім аппараты бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етеді, конкурстық өтінімдер мемлекеттік сатып алу веб-сайтында орналастырылады. Жергілікті қоғамдастық жиындарында бюджеттің игерілуі жөніндегі ақпарат тыңдалады. Ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының фойесінде ескертулерге арналған жәшік, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің стенді орналасқан, сенім телефонының нөмірі бар. Ауыл көшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта баннерлер орналасқан. Әкім аппаратының қызметкерлері өз уақытында кірістер мен мүлік туралы декларацияны құзыретті органдарға тапсырады.
"Верненка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ммемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және болдырмау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда