Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

"Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі" ММ сыбайлас жемқорлық туралы ақпараты

Бүгінгі күнде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресуге жалпы мемлекеттік мәртебе берілді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және шектеу жөніндегі қоғамдық және саяси күштерімен бірге кең ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы компания жүргізіледі. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекет саясатының негізгі басымдылықтарының бірі ретінде белгіленді.
«Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы орган болып табылады, бюджет орындалу мәселесі бойынша, аудан бюджетін атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу, аудандық коммуналдық меншікті басқару, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар үрдісіне мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Бөліммен сыбайлас жемқорлықты алдын алу, болдырымау бойынша қажетті шаралар қолданылады, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында осы жағымсыз құбылысты алдын алу үшін тұрақты жұмыс жүргізіледі.
Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелерінің бірыңғай мониторинг жүйесі жұмыс істейді. Барлық өтініштер бойынша уақытылы және толық жауап беріледі.
Жалпыға бірдей жерлерде азаматтардың өтініштері үшін жәшік орнатылған.
Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалармен мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұзушылықтарын хабарлау үшін (214-84) сенім телефоны бар.
Өткен кезеңде мемлекеттік қызметшілердің құқыққа қарсы іс-әрекеттері туралы шағымдар түскен жоқ.