Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

 «АДАЛ ЖОЛ» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЭСТФЕТАСЫ

 «АДАЛ ЖОЛ» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЭСТФЕТАСЫ

Өткен аптаның 15 - 16 мамыры күндері қоғамда Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсат міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2018 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру бағытында үлкен шаралар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика жұмыстарын күшейту, жас ұрпақ пен барша қоғамды осы дерттен аулақ жүруге шақыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себебімен күреске баса мән беру мақсатындағы аудан орталығының жағажайында жемқорлыққа қарсы марафонның ашылу салтанаты өтті. Оған аудан әкімі Ж.Шұғаев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Мұқашев, «Нұр Отан» партиясы АФ төрағасының орынбасары Ғ.Әменова, Ақтоғай ауданының сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Ш.Сәдуақасов, мектеп оқушылары, жергілікті атқарушы билік өкілдері,  мәслихат депутаттары  қатысты.

Іс - шараны аудан әкімі Ж.Шұғаев ашты. Ол  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған басым мақсаттарының бірі – Қазақстан үшін жемқорлықты жеңу, жемқорлықпен аяусыз күрес екені туралы айтып өтті. 

   Әрі қарай  жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген  Ә.Мұқашев сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маызды екенін  жеткізді. Осы күні Ақтоғай ауданының арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Ш.Сәдуақасов біздің ауданға эстфетаны салтанатты жағдайда табыс етті. Түрлі түсті шарлармен безендірілген жағажай алаңында мектеп оқушылары флеш моб көрсетті. Сондай-ақ аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары  үлкен сахна төрінде патриоттық әндерден шашу шашты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны екі күнге созылған ауқымды шаралар бағдарламасында аудан активімен кездесу, авто және вело шерулер, Качир ауданындағы арнайы мониторингтік топ құрамымен кездесу, аудандық кітапханада аудан жастарымен кездесу, аудандағы этно – мәдени және дін өкілдерімен кездесулер өткізді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Мұқашев «Нұр Отан» партиясының аудандық бөлімшесінде қоғамдық қабылдау өткізді. Сонымен қоса осы аталмыш мекеменің біздің аудандағы марафоны шеңберінде ауылдық округтерде және бірқатар мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу мәселелері бойынша мақсатты топтар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізіп, оған төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау, оған жол бермеу мәселелерін қоғам мүшелеріне түсіндіру. Дамыған қоғам құру жолында халық болып ауыр дертпен күресуіміз керек. Сонда ғана адамдардың дұрыс өмір сүрулері үшін жағдай қалыптасып, кедергілер туындамайды. Халық ертеңгі күніне алаңдамай, адал өмір сүреді. Адал еңбек етеді.

IMG_2759IMG_2747IMG_4467