Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері «Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
«Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

I. Жалпы ереже

1.1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт)Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды қамтамасыз ететін тыйымдардың, шектеулердің, міндеттердің және құқықтардың (кепілдіктердің) бірыңғай жүйесін белгілейді.
1.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың құқықтық негізі болып мыналар табылады: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» №416-V Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының стандарттарын белгілеу туралы» № 22 бұйрығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы салаға қатысты Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілері.
1.3 Бөлімнің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) атқаратын лауазымынан тәуелсіз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың 1.2-тармағында аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы салаға қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тыйымдарды, шектеулерді, міндеттерді және кепілдіктерді сақтауға міндетті.

II. Бөдімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тыйымдар, шектеулер, міндеттер және құқықтар (кепілдіктер) жүйесі

2.1. Мемлекеттік қызметшіге:
1) өкілді органның депутаты болуға;
2) ақылы негізде коммерциялық ұйымды басқару органының қызметіне қатысуға;
3) мүліктік немесе басқа игілік алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттіктерін заңсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге;
4) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
5) педагогикалық, ғылыми және өзге шығармашылық қызметтен басқа өзге төленетін қызметпен айналысуға;
6) мүдделер қақтығысы бар болса лауазымдық міндеттерді орындауға;
7) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуға;
8) мемлекеттік қызмет бойынша түсу және көтерілу кезінде заңмен көзделмеген басымдықты (тамыр-таныстық, сыбайластық) ұсынуға;
9) шешімдер дайындау және қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз ілтипат көрсетуге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделмеген кез келген адамға қызмет кірісін алумен кәсіпкерлік және өзге байланысты жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
11) егер мұндай ресми таратылуға жатпаса мемлекеттік функцияларды орындаған кезде алған ақпаратты жеке және топтық мүдделерге қолдануға;
12) жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген ақпараттан негізсіз бас тартуға, дұрыс емес және толық емес ақпаратты ұстауға не беруге;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсыну көзделмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап етуге;
14) көрсетілген тұлғаның лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланумен мүліктік пайда, игілік немесе басымдық алу үшін ресми тұлғаларға сыйлық беруге және қызметтік емес қызмет көрсетуге;
15) жеке және заңды тұлғаларға құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін іске асыруға кедергі келтіруге;
16) қызметі және жұмысы бойынша өзге тәуелділікте жоғары тұрған немесе төмен тұрған лауазымды тұлғалармен ақшалай немесе өзге мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысуға;
17) өзінің лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін заңды және жеке тұлғалардан ақша, қызмет және өзге нысан түрінде кез келген сыйақы алуға;
18) өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты мемлекеттік қызметшілерден және қызмет бойынша оларға тәуелді өзге тұлғалардан жалпы қолдаушылық немесе қызмет бойынша енжарлық үшін сыйлықтар немесе қызметтер алуға;
19) мемлекеті ішіндегі және шетел туристік, емдеу-сауықтыру және басқа да сспараларға жеке және заңды тұлғалар есебінен заңнамада көзделген жағдайларды алып тастаумен шақыруларды қабылдауға;
20) матреиалды-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құрлдарын, мемлекеттің басқа мүліктерін, қызметтік ақпаратты қызмет емес мақсатта қолдануға;
21) лауазымдық өкілеттігін, саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, басқа ұйымдардың мүддесінде қолдануға, сондай-ақ аталған бірліктер мен ұйымдарға егер де ол мемлекеттік міндеттеріне кірмеген жағдайда мемлекеттік қызметші ретінде қарым-қатынасын ашық түрде айтуға тыйым салынады.
2.2. Мемлекеттік қызметті өтіумен байланысты шектеулер:
1) Мемлекеттік қызметші Бөлімде мынадай жағдайда болмауы керек:
- жақын туыстары және жақындары (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар (асыраушылар), асырап алынғандар (уасырап алынғандар), толық жақындар және толық емес аға және апалар, ата, әже, немерелер) немесе жұбайы (жұбайы)) мемлекеттік қызметшілермен, егер Басқармаға қызметпен өту тікелей қарамағаында бағынушылықпен және бақылаумен;
- Бөлімге қызметке түсуде жалған құжаттарды ұсынуда немесе жалған мәліметтер айтуда;
- қызметкердің мәлімет беруге бас тартудан немесе өз жанұя мүшелерінің кірістер, мүлік және міндетті мүліктік сипаттағы туралы жалған мәліметтер ұсыну.
2.3 Мемлекеттік қызметшінің міндеттері:
1) өз жанұя мүшелерінің кірістер, мүлік және міндетті мүліктік сипаттағы туралы жалған мәліметтер ұсыну;
2) мүдделердің даудың туу мүмкіндігін болдырмау бойынша шаралар қолдану;
3) жазбаша түрде мүдделердің туындаған дау немесе оның туу мүмкіндіктері туралы өзінің тікелей басшысына айту.
4) мүдделердің дауын болдыртпау мақсатында оған тиісті бағалы қағаздарды, акцияны сенімді басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беру;
5) Басқарма басшысына, прокуратура немесе басқа құқық қорғау органдарына өзін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына тарту мақсатындағы барлық жүгіну жағдайлары туралы хабардар ету.
2.4 Мемлекеттік қызметшінің негізгі құқықтары (кепілдіктері):
1) мемлекеттік қызметтің қатысатын лауазымы бойынша құқықтар мен міндеттерді белгілейтін құжаттармен, лауазымдық міндеттерді орындау сапасын бағалау критерийлерімен және қызметтегі көтерілу талаптарымен танысу;
2) жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшысының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәлімдеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге қорғалу;
3) өзінің өкілеттіктерін мүлтіксіз орындағаны, соның ішінде мәселелерді шешу кезінде адалдығы және тұрақтылығы үшін сыйлық беру, мемлекеттік наградаларға, құрметті атақтарға, арнайы атақтарға және өзге үздік белгілерге ұсыну;
4) жоғары мемлекеттік лауазымға тағайындау, өзінің өкілеттіктерін мінсіз орындағаны, адалдығы және тұрақтылығы үшін сыйлықтары бар мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу кезінде басымдық ұсыну;
5) өзінің лауазымдық өкілеттіктері шегінде мәселелерді қарастыруға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысу, тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың оларды орындауын талап ету;
6) белгіленген тәртіпте лауазымдық өкілеттіктерді орындау үшін қажетті ақпаратты және материалдарды алу;
7) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу.