Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері «Ивановка ауылдык округ әкiмiнiң аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
«Ивановка ауылдык округ әкiмiнiң аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Ивановка ауылдык округ әкiмiнiң аппараты» ММ-нің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1. Осы «Ивановка ауылдык округ әкiмiнiң аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына, ұсынымдық сипатта болады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзiрлеушiсi «Ивановка ауылдык округ әкiмiнiң аппараты» ММ болып табылады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қоғамдық қатынастардың жеке саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеуге жолданған.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеу міндеттері:
1) қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс iстейтін адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты тәртiбiн қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың тигізетін теріс әсерлерінің алдын алу болып табылады.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың принциптері:
1) заңдылық;
2) транспаренттiлiк;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуы және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерден қорғау;
5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар белгіленген ережені мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың іс-әрекетін және шешімдерін анықтайды.
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар негізінде лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау көзқарасы:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;
2) өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау;
3) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау;
4) тіршілік әрекеті саласының тиісті спецификасына байланысты өзге қоғамдық маңызды қатынастар кезінде қалануы тиіс.

 

 2. Мемлекеттiк және жергiлiктi өзiн-өзi басқару саласында жұмыс iстейтiн адамдардың мiнез-құлық ережелерi (iс-қимылдары)

8. «Ивановка ауылдык округ әкiмiнiң аппараты» ММ-нің мемлекеттiк қызметшілері:
1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
3) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
7) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
9) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
10) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;
11) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;
12) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;
13) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
14) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.
9. «Ивановка ауылдык округ әкiмiнiң аппараты» ММ-нің мемлекеттiк қызметшілері қызметтен тыс уақытта:
1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауына тартуға жол бермеуге тиіс.
10. «Ивановка ауылдык округ әкiмiнiң аппараты» ММ-нің мемлекеттiк қызметшілері әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде:
1) ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;
2) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға;
3) ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға;
4) әріптестерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті.
11. Мемлекеттiк қызметтер және басқа да рұқсат беру функцияларын көрсету кезінде:
1) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;
2) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және нақты ақпаратты қолжетiмдi нысанда беруге;
3) мемлекеттiк қызметтер және басқа да рұқсат беру функцияларын көрсету барысында көзделмеген құжаттардың талап етілуін болдырмауға, сондай-ақ әртүрлі қағазбастылықтан (төрешілдіктен) жалтаруға;
4) мемлекеттік қызмет көрсету процесін, мемлекеттiк қызмет көрсету кезінде үнемділік пен тиімділікті тұрақты түрде жетілдіруді қамтамасыз етуіге тиіс.