Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері «Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
«Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы.
1.1. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулер мен ұсыныстар жүйесі.
1.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықыт арттыру және Аппарат қызметінедегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік болып.
1.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
1) Аппарат қызметкерлерінің функционладық міндеттерін орындау кезінде орнықты сыбайлас жемқорлыққ қаарсы ахуалды және жауапкершілікті қалыптастыру;
2) сыбайлас-жемқорлықты танытуды уақтылы анықтау және олардың керіс әсерлерін болдырмау;
3) Аппарат қызметінің тиімділігін арттыру.
1.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары мыналар болып табылады:
- заңдылық;
- адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
- жариялылық пен ашықтық;
- мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы.
«Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

3. «Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлқы (әс-әрекеті) қағидалары.

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде «Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарына, әдеп, заңдылық принциптерін басшылыққа алу;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен оларды қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте, мерзімде қарау және қажетті шаралар қолдану;
- лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
- қызметтік міндеттерді орындау нәтижесінде алынған ақпаратты және коммерциялық, салықтық және заңмен қорғалатын басқа құпияларды таратпау және жаймау, Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылатын жағдайларды қоспағанда;
- тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті;
- мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу бойынша сәйкесінше шараларды қабылдау;
- мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;
- қызмет бабын теріс пайдалануға, қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде негізсіз бюрократизм мен әуре-сарсаң көріністеріне, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық көріністеріне жол бермеуге;
- жеке мүліктік және мүліктік немесе пайдаларды алу үшін лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдаланбауға;
- жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдардың жұмысына кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін, мемлекет мүдделеріне залал келтіретін іс-әрекеттерге іс-қимылды жүзеге асыруға;
- жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін салуға, алға қойылған тапсырмаларды оңтайлы, тиімді және құзыретті шешудің тәсілдерін қолдануға;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдауда ашықтығын қамтамасыз ету;
3.2. Өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде «Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері міндетті:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік таныту;
- кәсіби (қызметтік) әдепті сақтау;
- бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;
- өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
- адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
- өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
- іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;
- қызметтік міндеттерін атқару кезінде құпиялылықты сақтауға, қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз етуге;
- лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
- еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
- басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті де анық мәліметтер беруге міндетті.
3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде «Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері міндетті:
- нормативтік құқықтық актілерді дайындауда ұсыныс енгізу кезінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын ұстауға;
- өзіне немесе үшінші тұлға үшін пайда келтіру мақсатында құқықтық актілерді қабылдауын болдырмау;
- айқындалмаған тұлғалар тобына немесе жеке-дара айқындалған тұлғаларға арналуға тиіс.
3.4. Тіршілік әрекеті саласы өзгешеліктерге байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде «Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері міндетті:
- мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;
- ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;
- қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысанда, тәртіппен және мерзімде кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс етуге;
- Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
- жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
- жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге міндетті.

4. Басқа шектеулер.

«Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаңыз
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.