Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері «Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлық стандарты
«Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлық стандарты

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 10 – бабына сәйкес «Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округіәкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық қөріністеріне нөлдік төзімділікті арттыру мақсатында жасалған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әзірлеушісінің атауы: «Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуын бақылау Тереңкөл ауылдық округінің әкіміне жүктеледі.
Сыбайлас жемқорлық стандартымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
- Жеке және заңды тұлғалардың құқығының, бостандығының және заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғауын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінзаңнамамен білгіленген тәртіппен мерзімде қарау және олар бойынша қажетті шаралар қолдану;
- Тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру бойынша шаралар қолдану, мемлекеттік қызмет тұтынушысы ретінде халықтың сұранысына толық хабардар болу;
- Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдау айқындығын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулерімен тиымдарын сақтау;
- Өзінің қызметтік өкілеттіліктерік жүзеге асыру кезінде өз міндеттерін орындаумен байланысты ешқандай материалдық игіліктерді, қызметтерді және өзге де жеңілдіктерді қабылдамау;
- Шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде және жеке заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетпеу;
- Жеке мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органның, ұйымның, мемлекеттік қызметшінің және өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет дәрежесін қолданбау;
- Мүліктік және мүліктік емес ігіліктер мен артықшылықтарды алу немесе түсіру мақсатында халыққа таратуға тыйым салынған қызметтік және өзге де ақпаратты қолданбау;
- Ұсынымды заңнамамен көзделген ақпаратқа жеке және заңды тұлғалардың қол жетімділігін қамтамасыз ету, анық және толық ақпарат беру;
- Мемлекеттік және қызметтік мүдделерді өзіңдікіне қарағанда басымырақ қабылдау;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар болдырмау, жемқорлыққа қарсы әрекет ету, оның кез келген әрекеттеріне төзімсіз болу;
- Өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру.
Басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде құзыреттігі аясында:
- Мүдделер қайшылығын болдырмау, болған жағдайда заңнамаға сәйкес қайшылықты жою бойынша шаралар қолдану:
- Мемелекеттік қызметші жазбаша түрде өзінің тікелей басшысын немесе мемлекеттік органның басшысын пайда болған мүдделер қайшылығы немесе пайда болу мүмкіндігі туралы оған оян болған сәттен бастап хабардар етуі міндетті;
- Мемлекеттік органның басшысы немесе тікелей басшы мемлекеттік қызметшінің өтініші бойынша немесе өзге жерлерден ақпарат алған кезде мүдделер қайшылықтарын болдырмау және реттеу бойынша уақытында шаралар қолдануы тиіс, оның ішінде;
- Мүдделер қайшылықтары болған немесе болуы мүмкінмен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіліктерін басқа мемлекеттік қызметшіге орындауды тапсыру;
- Мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін өзгерту;
- Мемлекеттік қызметші оның тікелей басшысы және мемлекеттік органның басшылығы оларға мәлім мүдделер қайшылығын болдырмау және реттеу бойынша шаралар қолданбағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады;
- Мемелекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қарсы тұруы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуі тиіс;
- Өкілеттлігін оларға берілген құқығының шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзіге асыру;
- Шешімдер қабылданған кезде ешқандай материалдық игіліктер, қызметтер және өзге де артықшылықтар қабылдамау қажет;
- Өзінің тәртібімен жоғары әдептілікпен, адалдықпен, сатылмайтындығымен, мейірбандылығымен, риясыздығымен, әділдігімен, арамсыздығымен үлгі болу;
- Қабылданатын шешімдерде заңдылық пен әділдікті қамтамасыз ету.