Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері «Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
«Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

«Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

  1. Қоғамдық қатынас саласының атауы

«Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің                     (бұдан әрі - мекеме) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы                             18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-тармағына сәйкес әзірленді және құндылықтық және моральдық бағдарлар жүйесін құру жолымен мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалына қол жеткізуге бағытталған.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы

  Стандарттарды әзірлеуші «Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

  1. Тереңкөл ауданы қаржы бөлімі мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының (іс-әрекетінің) қағидалары

     3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қаржы бөлімінің мемлекеттік қызметшілері:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және өзге   де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын заңдылық, әдептілік, қағидаттарын басшылыққа алуға;

2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге және олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;

3.1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін атқару нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге және (немесе) таратуға;

4) ол жұмыс істейтін ұйымның тікелей басшысын не басшылығын туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе ол бұл туралы белгілі болған кезде оның туындау мүмкіндігі туралы жазбаша нысанда хабардар етуге;                                                                                                                                                4.1) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөнінде тиісті шаралар қабылдауға;

5) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың және (немесе) Құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;

6) қызметтік қызметті жүзеге асыру кезінде қызметтік жағдайды теріс пайдалануға, негізсіз төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне, сондай-ақ дөрекілік пен кемсітушілік көріністеріне жол бермеу;

7) өзінің лауазымдық өкілеттігін және онымен байланысты мүмкіндіктерін жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін пайдаланбауға;

8) мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін немесе оның тиімділігін төмендететін іс-қимылдарға қарсы              іс-қимылды жүзеге асыруға;

9) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күшін салуға, қойылған міндеттерді оңтайлы шешу және өзге де құзыретті тәсілдерін қолдануға;

10) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.

3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде, Тереңкөл ауданы қаржы бөлімінің мемлекеттік қызметшілері:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік көрсетуге;

2) кәсіби (қызметтік) этиканы сақтауға;

2.1) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;

2.2) бағынысты қызметкерлерге қатысты олардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет жағдайын пайдалануға жол бермеуге және құқыққа қарсы                   іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге;

2.3) адал, әділ, қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік көрсетуге;

2.4) өзінің іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өз қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

2.5) іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық ережелерін сақтауға;

3) қызметтік міндеттерін атқару кезінде құпиялылықты және қызметтік және мемлекеттік құпияны сақтауын қамтамасыз етуге;

4) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;

5) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға.

6) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді пайдалануға; өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы орындауға; жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;

7) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және дұрыс мәліметтерді беруге міндетті.

       3.4. Тіршілік әрекетінің ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде қаржы бөлімінің мемлекеттік қызметшілері:

1) мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, автокөлік құралдарын қоса алғанда, меншікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;

2) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;

3) қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін үнемі арттыруға;

4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша, тәртіп пен мерзімде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға;

5) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлттаралық келісімді нығайтуына ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

6) заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге;

7)  жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде болуына жол бермеуге міндетті.

  1. Өзге де шектеулер мен тыйымдар.

      Қаржы бөлімінің мемлекеттік қызметшілеріне:

1) мемлекеттік функцияларды орындалуына сәйкес келмейтін қызметті                    жүзеге асыруға;

1.1) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кірмейтін болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

1.2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысу;

1.3) өкілді органның депутаты болуға;

1.4) үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет атқаратын мемлекеттік органда, не оған тікелей бағынысты немесе бақылаудағы мемлекеттік органда өкіл болуға;

2) қызметтік жұмысын қызметтік емес мақсаттарда материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты пайдалануға;

3) мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне және ереуілдерді қоса алғанда, лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін                         іс-әрекеттерге қатысуға;

4)  өз тарапынан қоғамдық имандылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке                      қол сұғумен ұштасқан заңнама талаптарының бұзылуына жол беруге және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартпауға;

5) қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді       қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдалануға;

6) қызметкерлерге оның еңбек қызметіне байланысты іс-әрекеттері үшін жеке және заңды тұлғалардың сыйақысы ретінде тапсырылатын кез келген түрдегі сыйлықтар, ақшалай сыйақы, қызметтер, несиелер, демалуға, көңіл көтеруге арналған шығыстарға, көлік шығыстарына, ұялы байланысқа арналған шығыстарға және басқа да сыйақыларға ақы төлеуге;

7) жақын туыстарымен, жұбайларымен және жекжаттарымен бірлескен қызмет (жұмыс) етуге;

8) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға тыйым салынады.