Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері «Качир ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
«Качир ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 «Качир ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Качир ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық жайттарына жол бермеу және оның қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық жайттарына төзбеушілікті арттыру мақсатында әзірленген.

  1. Қоғамдық қатынастар саласындағы атауы: Жер қатынастары.

  2. Жемқорлыққа қарсы стандарт әзірлеушісінің атауы: «Качир ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ.

  3. Жекеленген қоғамдық қатынастар саласында істейтін тұлғалардың мінез-құлық (іс-әрекет) ережесі:

3.1 Жемқорлыққа қарсы стандартты қамтитын жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде:

- Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес заңнама принциптерін басшылыққа алу;

– азаматтар және заңды тұлғалар құқықтарының, еркіндіктерінің және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау, олар бойынша тиісті шараларды қабылдау;

– қарастырылмаған құжаттардың талап етуіне жол бермеу, сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді немесе басқа да рұқсат ететін функцияларды көрсету кезінде түрлі қағазбастылықты (бюрократияны) болдырмау;

– белгіленген міндеттердің орындауын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, тез арада осы нормативтік-құқықтық актіні әзірлеген уәкілетті органға хабарлау;

– мемлекеттік қызметтердің негізгі тұтынушысы ретіндегі халықтың тілектеріне толығымен бейімделіп, тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша шараларды қабылдау;

– қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынатын, азаматтардың жеке өмірін, намыс пен абыройын қозғайтын мәліметтерді таратпау және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделмеген жағдайларды есептемегенде, олардан сондай ақпаратты талап етпеу;

- мүдделер арасында қайшылықтардың туындауына жол бермеу шараларын қабылдау.

3.2. Өз құзыреті шегінде басқарушы немесе өзге де шешімдерді дайындаған және қабылдаған жағдайда:

– мүдделер қайшылығын болдырмау, мүдделер қайшылығы пайда болған жағдайда оларды заңға сәйкес жою;

– басқарушылық және басқа шешімдерді қабылдау кезінде, мәселелерді әділдікпен қарап шешу, шешімдерді міндетті түрде тек заңмен сәйкес қабылдау.

– мемлекеттік қызметкерінің құзыретіне кіретін шешімдерді қабылдаған кезде, өзінің заңды міндеттерінің атқаруына байланысты ешқандай да материалдық игіліктерді, қызметтерді және де өзге артықшылықтарды қабылдамау;

– өкілдіктерді берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттерге сәйкес жүзеге асыру;

- көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша жасырын сақтау, қызметтік және коммерциялық құпияны қамтамасыз ету;

- жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, лауазымдық міндеттерін атқару кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болу;

- еңбек тәртібін мінсіз сақтау, берілген өкілдерін тиімді басқару; өз міндеттерін мінсіз, адал және сапалы орындау.

3.3. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

– нормативтік-құқықтық актілерін дайындаған кезде, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» № 480-V ҚРЗ заң нормаларын қатал түрде ұстану;

– нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны азаматтардың құқықтарын және еркіндіктерін қозғайтын жағдайда, оларды алдын ала қоғамдық талқылаусыз әзірлемеу және қабылдамау;

– нормативтік-құқықтық актілерді өзінің немесе үшінші жақтардың пайдасы үшін қабылдауға жол бермеу.

3.4. Өмірлік іс-әрекеті саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастарда:

– мемлекет мүдделеріне зиян келтіретін, мемлекеттік органдарының қызмет тиімділігін төмендететін немесе оған кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсылық көрсету;

– заңмен көзделген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартатын қылықтарды және өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау;

– іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық ережелерін сақтау;

- басқа мемлекеттік қызметшілер жағынан іскерлік этикет нормаларының бұзушылықтарын тоқтату немесе болдырмау бойынша басқа шаралар қабылдау;

- әріптестердің жеке және кәсіби сапасын, ұжымда олардың намысы мен адамгершілігін даттаудан талқылаудан тартыну;

- басшының тапсырмаларын орындау үрдісінде тек қана объективті және нақты мәліметтер ұсыну.

  1. Басқа да тыйымдар мен шектеулер:

- егер де мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы жайында ақпарат білсе, ол осы құқық бұзушылығын болдырмау және тоқтату бойынша тиісті шараларды қабылдауға міндетті, соның ішінде тез арада, жазбаша түрде жоғарғы тұрған басшыға, өзінің жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарына хабарлау қажет.

Мемлекеттік қызметкерді өзге тұлғалар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына көндірген жағдайда, ол міндетті түрде жедел арада белгіленген тұлғалар мен органдарға жазбаша түрде хабарлау керек;

  • кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру; қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдау (сыйлықтар, ақшалай өтемақылар, қызметтер, демалыс, саяхат, көлік шыындарын төлеу және басқа да сыйақылар);

  • өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін және сонымен байланысты мүмкіндіктерді жеке мүліктік және мүліктік емес пайданы алу үшін пайдалану.