Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері «Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жемқорлыққа қарсы стандарты
«Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жемқорлыққа қарсы стандарты

Бекітемін

Байқоныс ауылдық округінің әкімі

______________Д. Молдагельдинов

«___»__________________2018 жыл

 

«Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жемқорлыққа қарсы стандарты

 

         Жемқорлыққа қарсы стандарты «Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (ары қарай - Стандарт) мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлығы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабына сәйкес құрастырылған, және бұл ауылдық округі әкімінің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету  кезінде туындайтын қоғамдық қатынас сферасында сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталған ұсыныс жүйесі.

         «Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жемқорлыққа қарсы стандарты:

  1. Лауазымдық тұлғалар жағынан жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы хабарламаға әсер ету мақсатында «Азаматтардың өтініші мен ескертпелеріне арналған жәшік» және сенім телефоны арқылы берген өтініші бойынша мониторинг жүргізу;
  2. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау және тоқсан сайын өтініш бойынша есеп беру;
  3. Мемлекеттік қызмет стандарты мен регламентіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Жер учаскелерін бөлу кезінде ҚР Жер кодексінің нормаларын бұзу фактілерін жою жөніндегі қажетті шаралар қолдану;
  5. Коммуналдық меншік, мемлекеттік қаражат пен мүлік объектілерін тағайындауы бойынша пайдалануын қадағалау;
  6. Бюджеттік ұйымның жұмыскерлері арасында құқықтық сауаттылықты нығайту мақсатында әкімдікте құқықтық жалпыға міндетті оқу курстарын құру.