Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері «КАЧИР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ
«КАЧИР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

«Качир ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Качир ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келесі қызмет салаларындағы тыйым салу, шектеулер мен рұқсат жүйесін білдіреді.

  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: жергілікті мемлекеттік басқару
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші: «Качир ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (әрі қарай – құрылыс бөлімі).
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, бөлім қызметінде құқықтық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушілікті арттыру болып табылады..
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

1) өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқы мен жауапкершіліктерін қалыптастыру; 

2) сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың теріс салдарының алдын алу;

3) Құрылыс бөлімінің қызмет тиімділігін арттыру.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты қызметті іске асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде қолданылады;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бөлімніңң барлық қызметшілері орындауға міндетті;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдануға және орындауға бөлім қызметшілері дербес жауапты.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты өзгерту «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10- бабы 2-тармағына сәйкес жүргізіледі.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бөлім қызметшілерінің белгіленген ережелердің мүлтіксіз сақталуына және қызмет саласына байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алуға бағытталған іс-әрекеттері мен шешімдерін анықтайды.
  3. Құрылыс бөлімі қызметшілерінің қоғаммен өзара қарым-қатынас саласында сыбайлас жемқорлық фактілерімен қайшы келіп қалған кездегі іс-әрекеті:      

1) егер мемлекеттік қызметшінің қолында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат болған жағдайда, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу және тоқтату бойынша қажетті шараларды қабылдауы қажет, соның ішінде дереу жазбаша нысанда жоғары тұрған басшыны, ол жұмыс атқаратын мемлекеттік орган басшысын, уәкілетті мемлекеттік органдарды ақпараттандыруы;

2) оларға белгілі болған сыбайлас жемқорлық, қызметтік әдеп нормаларын бұзушылық және тәртіптік теріс қылықтарды, мемлекеттік қызметке сенімсіздік тудырушы жағдайларды, қандай-да бір тұлғалардың оларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға бейімдеу мақсатымен жүгіну және сыйлық беру фактілері туралы, мүдделер қайшылығының туындауы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, қызметтік міндеттемелерін орындау кезінде жеке мүдделілік туралы тікелей басшыға дереу мәлім етуі қажет.

9.Құрылыс бөлімі қызметкерлерінің іс-қимыл жасау ережесі.

9.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа қатысы бар жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырғанда құрылыс бөлімі қызметшілеріне тыйым салынады:

1) лауазымдық құзыреттілігін орындауға байланысты азаматтардың, заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мақсатта пайдалануға;

2 )мемлекеттк органда қызметте тұрған немесе оған бағынышты үшінші тұлғаның ісі бойынша уәкіл болуға; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылмаған кез келген тұлғаға кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін және бақа қызметтен табыс табуды көздеп көмектесуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған ақпараттарды жеке және заңды тұлғаларға беруден бас тартуға немесе кешіктіруге, жалған немесе толық емес ақпаратты беруге;

5) құрылыс бөлімі қызметкерлері туралы жеке деректерді таратуға;

6) жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасауға;

7) жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік реттеуге өкілеттілік табыстауға, және қызметтеріне бақылау мен қадағалау жүргізуге;

8) өзінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларды орындағаны үшін жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылмаған ақшалай сыйлықтар алуға;

9) өзінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларды орындағаны үшін мемлекеттік қызметкерден және қызмет бойынша тәуелді жеке тұлғалардан сыйлықтар мен қызметтер қабылдауға;

10) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдалануға.

9.2.Құрылыс бөлімі қызметкерлеріне өз құзыреті шеңберінде басқару туралы және басқа шешім дайындағанда және қабалдағанда тыйым салынады:

1) шешімдерді әзірлегенде және қабылдағанда жеке және(немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық беруге;

2) лауазымдық қызметіне қатысты емес және(немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бұйрықтар мен нұсқаулар беруге;

3) мәселелерді шешкенде өзінің материалдық мүддесін немесе туыстарының мүддесін қанағаттандыруға қызметтік жағдайын пайдалануға;

4) мемлекеттік қызметке орналасқанда және қызмет бойынша жоғырылағанда заңмен қарастырылмаған артықшылықты (протекционизм, таныстық) беруге;

5) мүдделер қақтығысына жол бермеу, олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

9.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

Құрылыс қызметкерлері дайындаған нормативтік құқықтық актілердің жобалары «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу, мемлекеттік тіркеу, келісу және оларды жою Ережелерін бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы №568 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес келуі тиіс.

9.4. Өмірлік ерекшеліктен туындайтын басқа қарым-қатынастар кезінде:

1) заңда белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетін теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу;

2) іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық ережелерін сақтау;

3) өзге мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзуға жол бермеу немесе оны болдырмау үшін басқа шаралар қолдану;

4) әріптестерінің намысы мен қадір-қасиетіне нұсқан келтіретіндей жеке және кәсіби біліктілігін ашық талқыламау;

5) басшылардың тапсырмаларын орындау процесінде тек объективті және шынайы мәліметтерді беру;

6) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;

7) мемлекеттік құпияларға рұқсат нысанға сәйкес құжаттарды қарастыру;

8) мемлекеттік сатып алуда заңдылықты сақтау.

  1. Өзге шектеулер мен тыйымдар.

10.1. құрылыс бөлімі қызметкерлері міндетті:

1) Қазақстан халық бірлігін және елдегі ұлтаралық келісімді нығайту, мемлекеттік және басқа тілдерді, Қазақстан халықының дәстүрі мен салтын құрметтеу;

2) адал, әділ, сыпайы болу, жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларды сақтау, азаматтармен және әріптестермен сөйлескенде сыпайлық пен әдептілік таныту;

3) қабылданған шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдауда айқындықты қамтамасыз ету;

5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;

6) қызыметтік міндеттерді тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтау;

7) өз әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға түсуге жол бермеу, сын үшін қудаламау, орынды сынды қызметтегі кемшіліктерді жоюға және қызметті жақсартуға пайдалану;

8) шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпау;

9) мемлекет меншігін сақтауды қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мемлекет меншігін ұқыпты, қызметтік мақсатта пайдалану, көлік құралын қоса алғанда;

10) қызметтік тәртіпті бұлжытпай орындау, өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындау, жұмыс уақытын тиімді және ұтымды пайдалану;

11) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын үнемі арттыруға шаралар қолдану, мемлекеттік қызметке тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру;

12) құжаттардың жоғалу мүмкіндігін, бұрмалануын(жалған) болуын, орындалмауын және бір құжаттың қайта жасалуын, негізсіз орындалмай қайтарылуын болдырмау, құжаттың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету.