Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері «Береговое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты
«Береговое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты

«Береговое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты

             Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бап 2 тармағына сәйкес дайындалған.

             Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандартын дайындаудың мақсаты мемлекеттік мекеме саласында сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  стандартын  әзірлеушінің

атауы: «Береговое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ.

  1. Қоғамдық қатынастардың    жеке   саласында    жұмыс    істейтін тұлғалардың іс-әрекет қағидалары:

2.1.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  стандартпен  жеке  және заңды тұлғалардың құқықта мен заңды мүдделерін іске асыруға қатысты салада қызметкерлер міндетті:

1)    Қазақстан   Республикасы   Конституциясының,   заңдары        мен    өзге   де, нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау;

2)    жеке  мүліктік  және  мүліктік   емес   пайдалар  үшін  өзінің   лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбау;

3)    әріптестерінен құқықтық және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы мәдениеті қолдауды және сақтауды талап ету;

4)    жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;

5)    сыбайлас  жемқорлыққа  апаратын  құқық  бұзушылыққа  өзге тұлғаларды әуестетпеу;

6)    қызметтік  жағдайын  асыра  пайдалануға,  жеке  және заңды тұлғалардың өтініштерін   қарау   кезінде бюрократизм көріністеріне   және       әуре-сарсаңға салуға, дөрекілікке жол бермеу;

7)    қызметтік   міндеттерін   тиімді   атқару   үшін  өзінің  кәсіби  деңгейі  мен біліктілігін арттыру;

8)    жеке  және  заңды  тұлғалардың  құқықтарын,  бостандықтары мен  заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету;

9)    ауылдық округі аппаратының  құзіретіне  кіретін  сұрақтары  бойынша   келген   тұлғалардың   ар- намысын және абыройын сыйлау;

10)    құжаттарды  қабылау  кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілмеген ақпаратты талап етпеу;

11)    мемлекеттік мекеменің   көрсетілетін   мемлекеттік   қызметтерді көрсетуді мерзімінен асырмау:

2.2.      Өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау

қабылдау кезінде

1)       Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтау;

2)       қызметтік өкілеттігіне сәйкес өз міндеттерін атқару;

3)       құпиялылықты сақтау және мемлекеттік, қызметтік құпияны қамтамасыз ету;

4)       кәсіби (қызметтік) әдептілікті сақтау;

5)       лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;

6)       әріптестеріне және басшыларға белгіленген өзара қатынас тәртібін бұзатын, олардың бейтарап қызметтік шешім қабылдауына әсер етуі мүмкін өтініштермен жүгінуден аулақ болу;

7)       өзге тұлғалар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеген жағдайда басшыға, уәкілеттік органға дереу жазбаша түрде хабарлау;

8)       мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау, берілген өкілеттіктерді тиімді иелену, өзінің қызметтік міндеттерін  адал, турашыл және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану;

9)       қызметкерлерді қызметтік міндеттеріне сәйкес, тапсырамалар көлемін заңсыздыққа жол бермей, нақтылау және жүктеу;

10)  олардың қызметтерінің нәтижелерін бағалауда әділдік пен объективтілік таныту, ондай-ақ, ынталандыру мен жазалау шараларын қолдану;

11)  Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мүдделер шиеленісіне жол бермеу, оларды жою бойынша шаралар қолдану;

12)  егер бөлім басшысы мүдделер шиеленісінің қатысушысы болған жағдайда, жоғарғы деңгейдегі басшыға жүгіну.

2.3.  Нормативтік құқықтық актілердің (НҚА) жобаларын дайындау кезінде:

1)       жергілікті    деңгейдегі    НҚА жобаларын дайындау кезеңінде заңмен бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын есепке алу;

2)       жергілікті деңгейде дайындалатын НҚА жобасы  жоғарғы деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуі тиіс;

3)       жергілікті деңгейдегі НҚА дайындау кезінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу;

4)       азаматтардың құқықтары, бостандығы мен міндеттеріне қатысы бар НҚА жобаларын, «Құқықтық актілер туралы» Заңының 20 бабына сәйкес құрылған қоғамдық кеңесіне жөнелту;

5)       дайындалған НҚА жобасы мүдделі органдарға жөнелтілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілер веб-порталына көпшілік алдында талқылау үшін орналастырылады;

6)       НҚА жобасын дайындау мен талқылауда бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықтың қатысуы міндетті;

7)       сыбайлас жемқорлық факторы мен оның белгілерін қағидалары ұстамы бар НҚА пайдаланбау;

8)       әлеуметтік қорғау саласына қатысты НҚА дайындау кезінде жекелеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделеріне қатысты шамаларды қабылдауға жол бермеу.

2.4.  Тіршілік әрекеті саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

1)       жеке  және  заңды  тұлғалардың  құқықтарын,                          бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау және оларға қатысты қажетті шаралар қабылдау;

2)       өзінің лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты туындаған мүмкіндігін жеке мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін пайдаланбау;

3)       басшылардың  тапсырмаларын   орындау   кезінде   тек           объективті   және шынай мәліметтерді ұсыну;

4)       ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал ету;

5)       қарамағындағы      қызметкерлерге     қатысты     негізсіз      айыптауларға, дөрекілік, адами қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу;

6)       сұранымдарды   қабылау  кезінде  негізсіз  қайтару,  оларды  қарастыруда дәйексіз мәліметтер беру және созбалау;

7)       мерикратия   принциптерінің    сақталуын    қамтамасыз   ету,   кадрларды қабылдау және орналастыруда туыстық, жерлестік және жеке берілгендік белгілері жағдайына жол бермеу;

8)       өзімен   қатарлас,  төмен  немесе  жоғары   лауазымды    қызметкерлермен немесе  жұмыскерлермен  мүліктік  сипаттағы немесе  ақшаға  құмарлық  ойындар ойнауға қатыспау;

9)       өзінің    қол  астындағы   жеке    және    қызметтік    емес   тапсырмаларды орындауға қатыстыруға жол бермеу;

10)  сыбайлас   жемқорлыққа  қатысты құқық бұзушылық жағдайы орын алған жағдайда шұғыл түрде басшы және/немесе уәкілетті органға мәлімет берілуі тиіс;

11)  мүліктің  сақталуын  қамтамасыз  ету,  мүлікті  ұтымды,  тиімді  және  тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;

  1. Өзге де шектеулер мен тыйымдар

1)       Конституцияны және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау;

2)       Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;

3)       Бөлім басшысының өз лауазымдық шегінде шығарған бұйрықтарын орындау;

4)       жұмыстан тыс уақытта сыбайлас жемқорлық оқиғаларына жол бермеу, қоғамда  қалыптасқан адамгершілік-этикалық ережелерін сақтау.

  1. Қорытынды ереже

1  «Береговое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ басшысының бұйрығымен бұл Стандартқа тиісті өзгерістер енгізіледі.

2)       бұл Стандартта тура көрсетілмеген сұрақтар, Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамаларына сәйкес белгіленеді.