Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері «Октябрь ауылдық округі әкiмiнiң аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
«Октябрь ауылдық округі әкiмiнiң аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Октябрь ауылдық округі әкiмiнiң аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

  1. «Октябрь ауылдық округі әкiмiнiң аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына  сәйкес әзiрленді және әкім аппаратының құзыретіне кіретін қызметінің салаларында тыйымдар, шектеулер және рұқсаттар жүйесін ұсынады.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзiрлеушiсi «Октябрь ауылдық округі әкiмiнiң аппараты» ММ болып табылады.
  3. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты «Октябрь ауылдық округі әкiмiнiң аппараты» ММ-нің қызметiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн болдырмау, құқықтық сауаттылықты дамыту және сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне төзбеушiлiктi қалыптастыру болып табылады.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеу міндеттері:

1) мемлекеттік қызметкерлерiмен өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн iске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапкершiлiк пен орнықты тәртiбiн қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың тигізетін теріс әсерлерінің алдын алу болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың принциптері:

1) заңдылық;

2) транспаренттiлiк;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуы және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерден қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, белгiленген қағидаларды сақтауға және қызметтiк салаларға байланысты сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн болдырмауға бағытталған мемлекетттік қызметкерлерiнiң iс әрекеттерi мен шешiмдерiн анықтайды.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;

2) өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау;

3) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау;

4) тіршілік әрекеті саласының тиісті спецификасына байланысты өзге қоғамдық маңызды қатынастар кезінде қалануы тиіс.

  1. «Октябрь ауылдық округі әкiмiнiң аппараты» ММ-нің мемлекеттiк қызметшілері:

1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

3) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

 7) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

 8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

 9) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

 10) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;

 11) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;

  12) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;

  13) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

  14) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.

  1. «Октябрь ауылдық округі әкiмiнiң аппараты» ММ-нің мемлекеттiк қызметшілері қызметтен тыс уақытта:

 1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

 2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

 3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауына тартуға жол бермеуге тиіс.

  1. Қадағаланатың салаларда сыбайлас жемқорлық фактiлерiмен қақтығысқан жағдайда мемлекеттік қызметкерлерiнiң iс әрекеттерi:

1) егер мемлекеттiк қызметшiде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдауға, оның iшiнде жоғары тұрған басшыға, өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның басшылығына, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс.

2) мемлекеттiк қызметшi өзiн басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндiру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға мiндеттi.