Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері «Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

 

«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

    Осы «Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі (әрі қарай - мекеме) қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп стандарты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес әзірленген және құндылық пен моральдық бағдарлау жүйесін құру жолымен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасында кезкелген сыбайлас жемқорлық құбылыстарына төзбеушілік атмосферасына қол жеткізуге бағытталған.

Қоғамдық қатынастар саласының атауы: Тереңкөл ауданының аумағында жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы басшылық.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері келесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауға міндетті:

  • заңдылық қағидатын басшылыққа алуға;
  • мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге;
  • мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
  • жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
  • қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпеуге;
  • мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға міндетті.
  • өзге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуын болдырмауға;
  • өзінің немесе жақын туыстары мен жақындарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін пайдалануды болдырмауға;
  • мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар беруін болдырмауға (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);
  • шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуін болдырмауға;
  • кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуін болдырмауға;
  • мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдде үшін пайдалануын болдырмауға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі, анық емес немесе толық емес ақпарат беруін болдырмауға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты олардан талап етуін болдырмауға;
  • мемлекеттік қаржылық және материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорларына беруін болдырмауға;
  • ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуін болдырмауға;
  • жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауын болдырмауға;
  • кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осындай қызметті мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ бақылау мен қадағалау өкілеттіктерін беруін, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беруін, жоғары тұрған немесе төмен тұрған не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелдiлікте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктік сипаттағы құмар ойындарға қатысуын болдырмауға;
  • Мемлекеттiк қызметшінің шотына осы адам білмей келiп түскен ақша, сондай-ақ ол тиісті функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған қаражат олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiмде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме ұсыныла отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;
  • өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауын болдырмауға.
  • Өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;
  • шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауын болдырмауға, оған мыналар:
  • жұбайының (зайыбының), туыстарының өз есебiнен шақыруы бойынша;
  • егер олармен арадағы қарым-қатынастар шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетi мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);
  • Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары арасындағы өзара уағдаластық бойынша тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;
  • жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу үшiн ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын сапарлар, оның iшiнде осындай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарлар қосылмайды;
  • кредиттер, несиелер алуда, бағалы қағаздарды, жылжымайтын және өзге де мүлiкті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануын болдырмауға.
  • Мемлекеттiк қызметшінің отбасы мүшелерi осы адам қызмет бабында солармен байланысты болатын шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес. Мемлекеттiк қызметші өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға және өзінің отбасы мүшелерi құқыққа сыйымсыз пайдаланған қызметтер құнын республикалық бюджетке ақша аудару жолымен өтеуге мiндеттi.
  • Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.
  • Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс.
  • Егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.
  • Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті.
  • Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
  • Мемлекеттік қызметшілер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.
  • Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс.