Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың 2018 жылғы І жартыжылдықта Качир ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саласында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу бойынша жұмыс қорытындылары туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың 2018 жылғы І жартыжылдықта Качир ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саласында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу бойынша жұмыс қорытындылары туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың 2018 жылғы І жартыжылдықта Качир ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саласында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу бойынша жұмыс қорытындылары туралы ақпарат

2017 жылғы 29 қыркүйектен бастап ауданда құрамы жеті адамнан тұратын Качир ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы өз жұмысын жүргізуде.

Ауданда мобильді топтың жұмысын жүзеге асыру үшін «Газель» маркалы автомобилі бөлінді және тиісті қалыпта ресімделді.

Жұмыс жоспарына сәйкес, жоғарыда аталған мобильді топпен ағымдағы жылғы І жартыжылдықта барлығы 21 іс-шара өткізілді, соның аясында 22 еңбек ұжымдарына барылды.

Еңбек ұжымдарына барудан басқа мобильді топпен ҚР Президенті жолдауының 9-шы бағытын талқылау бойынша Бірегей сағат өткізілді, соның аясында «Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауының басымды бағыты – Жемқорлықпен күрес және заң үстемдігі» тақырыбында талқылау, халыққа қызмет көрсету орталығында «Біз жемқорлыққа қарсы!» акциясы өткізілді. Акция барысында мобильді топ мүшелерімен азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет саласында мәселелі сауалдар түсіндірілді, жемқорлыққа ұшырау кезіндегі әрекеттер туралы ұсынымдар берілді, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтарына ұшырау кезіндегі әрекеттері көрсетілген ескертпелер таратылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ өз жұмысында жастармен жұмысқа көп көңіл бөледі, осылайша Качир аграрлық-техникалық колледжінің 3 курс қатысушылары арасында, ауданның барлық мектептерінде сауалнама жүргізілді, жемқорлыққа қарсы әрекет апталығы өткізілді, апталық ішінде қатысушылар «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында эссе жазды, үздік жұмыстардың авторлары грамоталармен наградталды. «ALDASPAN жастар орталығы» жастар орталығында «Жемқорлық жоқ!» тақырыбында жастардың қатысуымен іс-шара өткізілді.

Оған қоса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелерімен аудандық БАҚ-да жемқорлыққа қарсы тақырыпта екі мақала жарияланды, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Бүгінгі күнге мобильді топтың 2018 жылға жұмыс жоспары әзірленді және бекітілді, оған сәйкес топ өз жұмысын  жалғастырады.

 

 

Аудан әкімінің орынбасары,

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мобильді топтың басшысы                             

 

  

            Қ. Едрішева