Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету НҚА жобалары Качир аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Павлодар облысы Качир ауданының елді мекендерінде жер телімдер үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» № 2/43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Качир аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Павлодар облысы Качир ауданының елді мекендерінде жер телімдер үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» № 2/43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы «Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы» № 724 Жарлығына сәйкес Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Качир аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 2/43 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4496 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімінің атауында және барлық мәтіні бойынша «Качир ауданының», «Качир аудандық мәслихаты», «Качир аудандық мәслихатының», «Качир ауданы» деген сөздері «Тереңкөл ауданының», «Тереңкөл аудандық мәслихаты», «Тереңкөл аудандық мәслихатының», «Тереңкөл ауданы» сөздерімен тиісінше ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы

Тереңкөл аудандық
мәслихатының хатшысы С. Баяндинов