Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Мемлекеттік қызмет Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін Качир ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы мемлекетік органдарының және ауылдық округ әкімдері аппаратарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурсты жариялайды
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін Качир ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы мемлекетік органдарының және ауылдық округ әкімдері аппаратарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурсты жариялайды

04.04.2018

 

Бос  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін Качир ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы мемлекетік органдарының және ауылдық округ әкімдері аппаратарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурсты жариялайды

 

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын ортақ біліктілік талаптар                        E-G-3 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

«Б» корпусыныңмемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85  бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығына сәйкес

E-G-3 санаты үшін жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Санаты

min

max

E-G-3

69903

94148

 

«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140600, Павлодар облысы, Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі 172, телефон: 8(71833)21850, 8(71833)22471 (факс) alzhanova.akr@pavlodar.gov.kzбос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін Качир ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурсты жариялайды.

 

1.«Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңіс жүргізу жөніндегібасмаманы, санаты E-G-3, (лауазым индексі № 01-0-2).

 

Функционалдық міндеттері:

Электрондық базаға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс;  тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету; кадрлар iсiн жүргізу; келісілген номенклатураға сәйкес істерді қалыптастыру, сақтау және мұрағатқа тапсыру; мөр мен мөртаңбаны сақтауға жауапкершілік; жоғары құрымдықтардың бақылауында тұрған құжаттардың орындалуы жөнінде іс-шараларды іске асыру;  аппараттағы хал-жағдайды әкімге баяндау; ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыстарын ұйымдастыру және басқа ұйымдар мен мекемелермен әрекеттесу;   ауылдық округі әкімі аппаратымен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету; нотариалдық істермен айналысу.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:

жоғары (әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес; ауылшаруашылық ғылымы; техникалық ғылым және технология; білім беру; гуманитарлық ғылым, құқық, табиғи ғылым), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі (әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес; ауылшаруашылық ғылымы; техникалық ғылым және технология; білім беру; гуманитарлық ғылым, құқық, табиғи ғылым) барларға рұқсат етіледі

E-G-3 санатындағылар үшін келесі біліктіліктің болуы тиіс:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.өкiлеттi органымен белгiленген нысандағы өтініш; 

2.тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Качир ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан  кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Качир ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
____________________________________________________________________

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.