Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Мемлекеттік қызмет Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс «Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ
Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс «Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ

03.09.2019

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс

«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын ортақ біліктілік талаптар
Е-R-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық
E-G-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығын есепке алғанда)

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-R-3

106288

142886

E-G-3

90874

122392

«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140600, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі 172, телефон: 8(71833)21850, 8(71833)22471 (факс) alzhanova.akr@pavlodar.gov.kz "Б" корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін жалпы конкурсты жариялайды.

1) «Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аграрлық секторының меңгерушісі, E-R-3 (1 бірлік), № 01-1-1.
Функционалдық міндеттері: Басқа да мемлекеттік органдар мен өзара іс-қимыл және ауыл шаруашылығы саясаты секторын үйлестіру. Ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы ереже жобалар. Ауыл шаруашылығы бағдарламасын әзірлеу, ауыл шаруашылығы әлеуметтік-экономикалық дамыту. Ішкі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, мал шаруашылығы инженерлік құрылымы негізінде ай сайынғы есепті және тоқсан сайын бақылау есептерді ұйымдастыру. Облыс басқармасына уақытылы есептілікті тапсыру. Мал шаруашылығы, егіншілік және инженерлік инфрақұрылым деңгейлеріне бюджеттен қаржыландырылған қаржылық (кредиттік) қаражатты пайдалану және бақылау, жоғары ұйымдарға осы мәселе бойынша есептеме беру. Субсидиялау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруды бақылау.өкілеттігі шегінде және заңды тұлғалардың үндеуін қарау және жауап дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасы шегінде басшылардың өкімдеріне және іс-шараларға жауап беру және орындау.
Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары (әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес; техникалық ғылым және технология; ауылшаруашылық ғылымы; құқық, білім беру).

2) «Береговое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтері, E-G-3 (1 бірлік), № 01-0-4 .
Функционалдық міндеттері: қаражаттық бағдарламаларды құрастыру; бухгалтерлік есебін жүргізу, қаржы – экономикалық іс-әрекетін орындау; басқару аппараты бойынша кіріс – шығын сметаларын құрастыру; айлық, тоқсандық және жылдық есептерін ауқытында тапсыру; кәсіпорындар мен кіріс – шығын қарыздар жөнінде тексерістер жүргізу; ақшалай қаражаттарды, тауарлы-материалдық құндылықтар мен негізгі қаражаттардың айналымына байланысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі; мемлекеттік сатып алулар жөнінде жұмыстар жүргізу; ауылдық округ әкімінің өзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика).

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1.өкiлеттi органымен белгiленген нысандағы өтініш;
2.тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
____________________________________________________________________

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.