Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Әкім аппараты Жеке бөлімдер басшылары «Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Айжан Төлегенқызы Исаева 1985 жылы туған, қазақ, Білімі жоғары, 2010 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Қаржы» мамандығы бойынша «Қаржы бакалавры» академиялық дәрежесін алып, бітірді.
Айжан Төлегенқызы еңбек жолын 2005 жылы бастады.
Жер қатынастары саласында 2006 жылғы наурыздан бастап 2018 жылғы наурызға дейін техникалық орындаушы және мемлекеттік қызметші ретінде қызмет етті.
2018 жылғы наурыздан бастап 2018 жылғы қазанға дейін аудандық орталық уруханасының экономисті болып қызмет етті.
2019 жылғы наурыздан бастап 2019 жылғы тамызға дейін Тереңкөл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы лауазымында болды.
Айжан Төлегенқызы жер қатынастары бөлімінде 12 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп, жер саласында жеткілікті тәжірибесі бар, ұйымдастыру қабілетіне ие, күрделі мәселелерді шешуде өздігімен бағалауға және олардың шешімін табуға қабілетті.
Функционалдық міндеттеріне бөлімді жалпы басқару жатады. Бөлімге жүктелген міндеттерге, ұйымдастырушылық басқаруға жауапты, жер қатынастарының барлық мәселелері бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Жеке қабылдаулар өткізеді, ауызша және жазбаша өтінштерді қарайды.