Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Өзіңді және отбасыңды ішек жұқпаларынан қорға!

Жаздың басталуымен жіті ішек инфекциялары және тамақтан уланудың пайда болу қаупі артады.
Сальмонеллез, дизентерия, стафилококк токсикоинфекциясы, колиэнтериттер, сондай-ақ энтеровирус жіті ішек инфекцияларына жатады, адам ағзасына ауыз қуысы арқылы еніп, адамның ішектерінде көбейтіледі. Жұқтыру жолдары – тағам, су, тұрмыстық-қатынасу арқылы.
Жіті ішек жұқпалары, тамақтан улану жағдайлары дұрыс сақтау және дайындау талаптары сақталмағанда патогенді микроағзалармен жұқтырылатын бірқатар тамақ өнімдерін пайдаланғанда туындауы мүмкін. Ең алдымен бұл сүт және кондитерлік өнімдерге, жұмыртқаға, құс еті мен жеміс-жидек өнімдеріне қатысты . Сондай-ақ термикалық өңделмеген тамақ өнімдерін пайдалану қауіпті, онда микроорганизмдер ұзақ уақыт бойы ғана емес, сондай-ақ көбейтіледі.
Тамақтан улануға жол бермеу үшін қарапайым тамақтану және тамақты сақтау ережелерін сақтау керек:
1. Қауіпсіз тамақ өнімдерін тандау. Әрдайым пастерленген сүтті алыңыздар немесе шикі сүтті міндетті түрде қайнату қажет. Өнімдерді сатып алған кезде тамақ әзірлеу кезінде технологиялық процессті қатаң түрде сақтап, қауіпсіздігін, ұзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз етуді ескеріңіз.
2. Тамақты баптап әзірлеңіз. Шикі азық-түліктер, әсіресе ет, құс, сүт тағамдары жиі патогенді микроағзалармен жұқтырылады. Пісіру (қуыру) кезінде бактериялар жойылады, бірақ есіңізде болсын, азық-түліктердің барлық бөліктерінде температура толықтай 70 градусқа жетуі тиіс. Мұздатылған ет, балық және құс еті қолданар алдында әбден еруі қажет. Шикідей желінетін тағамдарды мұқият жуу керек.
3. Даяр тағамдарды уақтылы қолданыңыз. Даяр тағамдар бөлме температурасына дейін салқындатылғанда ондағы микробтар көбейе бастайды. Сондықтан бөлме температурасында ұзақ мерзімде сақталуы, тамақтан уланудың өсуі артады. Өзіңізді сақтап қалу үшін, тағамды бірден пайдаланыңыз.
4. Барлық азық-түлік өнімдерін дұрыс сақтаңыз. Егер Сіз асты молынан дайындап немесе пайдаланғаннан кейін қалған бөлігін сақтаймын десеңіз, ол ыстық күйінде (60 градустан жоғары) немесе суықтай (10 градустан төмен) сақталуы тиіс екенін білуіңіз тиіс. Дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан аса уақытқа қалтырмаңыз. Балаларға арналған тағамды мүлдем сақтамаған жөн.
5. Алдын ала дайындалған тағамды мұқият ысытыңыз. Бұл сақтау процесінде тағамда көбейген микроағзалардан қорғанудың аса тиімді шарасы (дұрыс сақтау микробтардың өсуін тоқтатады, бірақ жоймайды). Ас ішер алдында тағамды тағы бір мәрте ысытыңыз.
6. Ас үйді тазалықта ұстаңыз. Тағамның жылдам ластануына байланысты ас дайындайтын кез-келген заттың беті таза болуы қажет. Әрбір жырықты, ұнтақ пен лас дақтарды микробтардың жиналған орны деп қараңыз. Ыдыс-аяқты сүртуге арналған сүлгіні күн сайын ауыстыру қажет. Еденді жууға арналған шүберекті жиі жуып отыру керек.
7. Таза суды пайдаланыңыз. Таза су ішу үшін де, тамак даярлау үшін де өте қажет.
8. Шикі тағамдар мен даяр тағамдарды жеке сақтаныз.
9. Тағамды жәндіктерден, кеміргіштерден және басқа жануарлардан сақтаңыз.
10. Қолды жиі жуып отыру керек.
Есіңізде болсын! Гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау – ішек инфекцияларынан қорғанудың тиімді жолы болып табылады.

"Тереңкөл ауданының ҚДСБ» РММ