Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Скрининг дегеніміз не және неліктен оны уақытында өту керек

Скрининг – бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынудың алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексерулерден өткізу.
Скринингті тексеру қауіп факторын ерте сатыда анықтау және ескертуге бағытталған:
1. Артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті аурулары бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың ерлер мен әйелдер арасындағы қан айналымы жүйесінің және қант диабетін ерте анықтау үшін 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жас аралығы;
2. Глаукома бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың ерлер мен әйелдер арасындағы глаукома ауруын ерте анықтау үшін 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас аралығы;
3. Сүт безінің ісікалды және ісіктік аурулары бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың әйелдер арасындағы сүт безінің ісікалды және ісіктік ауруларын ерте анықтау үшін 50, 52, 54, 56, 58, 60 жас аралығы;
4. Жатыр мойнының ісікалды және ісіктік аурулары бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың әйелдер арасындағы жатыр мойнының ісікалды және ісіктік ауруларын ерте анықтау үшін 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жас аралығы;
5. Тоқ және тік ішек ісігі бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың ерлер мен әйелдер арасындағы тоқ және тік ішек ісігі ауруларын ерте анықтау үшін 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас аралығы;
6. Ас қорыту жүйесі және асқазан ісігі бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың ерлер мен әйелдер арасындағы ас қорыту жүйесі және асқазан ісігі ауруларын ерте анықтау үшін 50, 52, 54, 56, 58, 60 жас аралығы;
7. Қуықасты безінің ісігі бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың ерлер мен әйелдер арасындағы қуықасты безінің ісігі ауруларын ерте анықтау үшін 50, 54, 58, 62, 66 жас аралығы;
8. Созылмалы В және С гепатитінің қауіп топтары: қан ауруы, қатерлі ісікпен ауратындар, қан және оның компоненттерін құю.

 

«Тереңкөл ауданының ҚДСБ» РММ