Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Комитет дәрілік препараттарды сату мәселесі бойынша түсіндірме береді

Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды рецептуралық өткізу Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығымен бекітілген Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларымен регламенттеледі.
Қазақстанның дәріханаларында дәрілік заттарды дәрігердің рецепті бойынша сату Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа талабы болып табылмайды.
Рецептуралық препараттарды рецептінсіз сатуға 15 жылдан астам қолданып келе жатқан тыйым салу азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін дәрілік заттарды бақылаусыз қолдануға жол бермеуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта дәрілік заттарды сату мәселесі 2009 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексімен регламенттеледі. 2019 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда дәрілік заттардың 7792 атауы тіркелген, оның ішінде дәрігердің рецепті бойынша 6033-і (Қазақстан Республикасында тіркелген дәрі-дәрмектердің жалпы санының 77%-ы), рецептінсіз – 1759-ы сатылады.
Рецепт бойынша сатылатын дәрілік заттардың тізбесі: микробқа қарсы және гормональдық препараттарды; құрамында есірткі және психотроптық заттары бар дәрілік заттарды; жүрек-қан тамыр ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді; ас-қазан-ішек жолдары ауруларын емдеуге арналған дәрілік заттарды және т.б қамтиды.
Дәрігердің рецепті бойынша мыналар сатылады: дәрумендер, мұрынға арналған тамшылар, сироптар, шөптен жасалған шәй және жиындар, суық тиюге арналған және ауруды басатын кейбір препараттар.
Мысалы, Германияның дәріханаларында дәрі-дәрмектердің 80%-ға жуығы ЕО аумағында ғана жазылып берілген рецепт бойынша сатылады. Дәрігер тек толық тексеруден өткізгеннен кейін ғана дәрілік затқа рецепт жазып береді. Германияда рецептінсіз сол немесе өзге препаратты сатуына фармацевтті үгіттеуге тырыспайды. Мұндай жүйе өздігінен емделуді және қатты әсер ететін дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қабылдауды болдырмайды.
Дәріні, дозаны, енгізу нысанын, емдеу ұзақтығын өздігінен таңдау кезінде қателесу мүмкіндігі 80%-ға жетеді.
Дәрілік заттарды тиімсіз қолдану салдарының ауқымы және өздігінен қауіпті емделу дегеніміз – бұл ең алдымен дәрігерге уақтылы жүгінбеу, аурулардың асқыну тәуекелінің жоғарылығы және улану, тәуелділіктің пайда болуы, организмнің сол немесе өзге препаратқа сезімталдығының төмендеуі сияқты дәрі-дәрмектердің жанама әсерлері және т.б.
Суық тию мен тұмауды жеңудің жолы – антибиотиктер. Бірақ антибиотиктермен емделу алдында дәрігерден кеңес алу, ауруды анықтау үшін талдау тапсыру, бактериялық инфекция екендігін растау содан кейін ғана дәрігердің бақылауымен арнайы емді бастау қажет.
Мысалы, миллиондаған адамның өмірін аман алып қалып, медицинада ең үздік қол жеткізілген жетістіктердің бірі болып саналатын антибиотиктер аллергиялық әсерлердің, қолқа демікпесінің ауыр түрлерінің, жүректің, бүйрек, бауырдың күрделі ауруларының, балалардың дамуының туа біткен ақауларының себепшісі болуы мүмкін.
Одан басқа, антиботиктерді бақылаусыз қолдану микроорганизмдердің оларға тез төзімділігінің пайда болуына алып келеді. Дүниежжүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бұл тенденцияны антибиотиктерді дұрыс тағайындау мен пайдалануларды қоса алғанда айтарлықтай шара қабылдауды қажет ететін жаһандық проблема ретінде бағалап отыр.
ДДҰ-ның ұсынымын, сондай-ақ рецептуралық дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қолдану және оның салдарының артуын ескере отырып, ҚР ДСМ халықтың дәрілік заттарды тағайындау және сату бойынша қолданыстағы талаптарды сақтауы қажеттілігі туралы – жауапкершіліксіз өздігінен емделудің тәуекелдері туралы медицина және фармацевтика қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандырды.
2019 жылдың басында Қазақстанның астанасында «Астана денсаулықты таңдайды!» жобасы іске қосылды.
Жобаны іске асыру шеңберінде ҚР ФК аумақтық департаменттерінің, денсаулық сақтау басқармасының және Астана қаласының фармацевтикалық қауымдастығының мамандары дәрігерлермен және фармацевттермен кездесу өткізді, кездесу барысында рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді сатудың қолданыстағы қағидаларын сақтау мәселелері талқыланды. Қаланың емханалары мен дәріханаларында халыққа арналған ақпараттық афиша орналастырылған. Осы бастаманы республиканың басқа да өңірлері қолдады.
ҚР ДСМ тегін рецептілерін жаздырып алу рәсімдерін жеңілдету үшін оларды алу схемасы өзгертілді. Дәрігерлер созылмалы аурулармен ауыратын диспансерлік науқастар үшін жеңілдікпен берілетін дәрілерге арналған рецептіні тоқсанына бір рет (90%), қымбат препараттарды қабылдайтын ауыр аурулармен ауыратын науқастар үшін – ай сайын (10%) жаздырып алатын болады. Дәріханалар оларға берілген рецептілердің негізінде пациенттерге тиісті дәрілік заттардың ай сайынғы қажеттіліктерін есепке алуды және беруді жүргізеді.
Бұл ретте, жеңілдікпен берілетін дәрілерді алудың барлық рәсімдері автоматтандырылған.
Жоғарыда аталған шаралар емханалардағы кезекке тұруды айтарлықтай төмендетуге, медицина персоналына арналған жүктемені азайтуға, қағаз құжат айнылымын қысқартуға мүмкіндік береді.
2013 жылғы қаңтардан бастап республиканың барлық өңірлерінде дәрігерлердің жазып берген рецептін нақты уақыт режимінде қадағалауға, тағайындалған препараттарды әрбір пациенттің нақты алуын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККБК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМСЖ) сәйкес пациенттердің дәрілік препараттармен қамтамасыз етілу мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретін Автоматтандырылған ақпараттық дәрілік қамтамасыз ету жүйесі енгізілгенін еске сала кетеміз.

 

ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті