Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Семірудің алдын алу

Семіру майлы тіннің мөлшерден тыс жиналуы есебінен дене салмағының артуы. Семіру мен артық салмақтың басты себебі – энергетикалық дисбаланс, бұл ретте рацион көлемі ағзаның энергетикалық сұранысынан жоғары болады.
Бүкіл әлемде келесі ағымдар байқалады:
-жоғары энергетикалық тығыз және майлылығы жоғары тағамдарды көп пайдалану;
-көп жұмыс отыру сипатына ие болғандықтан қозғалыстың аздығы, урбанизацияның артуы есебінен қозғалыстың аздығы.
Семіру мен артық салмақ жүрек-қантамырлары ауруларының, диабеттің, тірек қозғалтқыш жүйесі, ісік ауруларының негізгі факторларының бірі.
Семіру мен дененің артық салмағын диагностикалау үшін дене салмағының индексі пайдаланылады. Дене салмағының индексі (ДСИ) – бұл дене салмағының бой ұзындығына қарапайым қатынасы, килограммдағы дене салмағының квадрат метрдегі бой ұзындығына қатысты есептеледі. ДСИ (кг/м2)=салмақ(кг): бой(м2). Мысалы, Сіздің салмағыңыз 70 кг; бойыңыз 1,60 м. ДСИ =70:1,6:1,6=27,3. Қалыпты салмақ ДСИ 19-24,9 кг/м2, ДСИ дененің артық салмағы - 25-29,9 кг/м2, семіру ДСИ ИМТ 30 кг/м2 артық болғанда.
Семіздіктің алдын алу шаралары:
-пайдаланатын май мен қантты азайту есебінен рационның құнарлылығын шектеу;
-жеміс-жидек, көкөністер, дәнді-бұршақты дақылдар, астық дақылдарын, жаңғақты пайдалануды көбейту;
-жиі физикалық белсенді болу (аптасына ересектер үшін 150 тен 300 минутқа дейін);
-семіру белгілері кезінде медицинкалық көмекке жүгіну.

 

«Тереңкөл ауданының ҚДСБ» РММ