Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Сколиозға қарсы физикалық белсенділік!

Мүсін – бұл еркін тұрған адамның қалыпты тұрысы. Мүсін омыртқаның жағдайына және арқа бұлшықеті жағдайына тығыз байланысты, олар дененің дұрыс қалпын сақтауға көмектеседі. Дұрыс мүсіннің белгілеріне басты тік ұстау, жазулы көкірек қуысы, бір деңгейдегі иықтар жатады. Арттан қарағанда, бас, мойын және омыртқа бір түзу сызықты құрайды. Қырынан қарағанда, омыртқа мойын және бел тұстарында тереңдікке (лордоздар), кеуде тұсында деңестікке ие болады (кифоз).Сколиоз – бұл физикалық дамудың ақаулығы , тірек-қозғалыс аппаратының ауруы, омыртқаның қаптал қисаюларында пайда болады. Сколиоз С- белгісінде және S – белгісінде болады. С- пішіндес сколиоз – омыртқа қисаюы тек бір жаққа болады – оңға немесе солға, омыртқаның тек бір бөлігінде – бел немесе кеудеде. S - пішінді сколиоз – омыртқа қисаюы екі жаққа болады, мысалы, кеуде тұсында омыртқа қисаюы тек бір жаққа, бел бөлігінде – басқа жаққа, ағылшынның S әріпін еске тұсіреді.
Сколиоз дамуының себептері:
- Бір қалыпта ұзақ уақыт тұру, мысалы, бір аяққа тіреліп тұрі;
- Дұрыс емес жүріс (еңсесі түскен бас , салбыраған иық , бүкірейген арқа т.б);
- Ауыр көтеру (кітаптар, портфель, сөмке) бір қолда;
- Тұру немесе отыру кезінде дененің теріс қалыпы;
- Жұмсақ төсектегі ұйқы;
- Көру нашарлығы;
- Физикалық белсенділіктің жетімсіздігі.
Сколиоз, сыртқы пішін ақауынан басқа, ауыр кезеңінде денсаулықтың бұзылуына әкеліп соқтырады. Бала кезде сколиоздың жеңіл түрі уақытында дәрігерге қаралса, тез емделеді. Сколиоз бала кезде көбіне, арқа бұлшықетінің әлсіздігінен туады, сондықтан , сколиоздың алдын алуда физикалық белсенділіктің маңызы зор. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы мектеп жасындағы бала күніне 60 минуттан кем емес физикалық белсенді болуы керек деп санайды. Баланың дамып келе жатқан ағзасы өз дамуы үшін көп қозғалысты қажет етеді, күн тәртібінің 50-60 % уақыты қозғалыс белсенділігіне арналуы тиіс. Арқаның жақсы дамыған бұлшықеттері омыртқаны дұрыс сақтап, сколиоз дамуына жол бермейді.
Тиімді тамақтану, жасқа сай физикалық белсенділік, таза ауада демалу немесе сабақ оқуға дұрыс таңдалған жиһаз Сіздің балаңыздың арқасының сау болуына әсер етеді.

 

«Тереңкөл ауданының ҚДСБ» РММ