Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Инсульттің алдын алу

Инсульт – бұл ми қанайналымының бұзылуы. Ишемиялық және геморрагиялық инсульт түрі бар. Ишемиялық инсульт қан ағынымен түскен атеросклеротикалық түйінділер немесе тромбпен бас миы қан тамырларының жабылуымен сипатталады. Геморрагиялық инсульт – қан тамырлары жарылғанда пайда болатын бас миы ішілік қан құйылу.
Жыл сайын Қазақстанда 40 000 мың адам инсультқа ұшырайды, оның 5000 алғашқы 10 күнде көз жұмады. Инсульттен аман қалған 5 пациенттің біреуі ғана денсаулығын қалпына келтіріп, қалыпты өмірге келеді.

Инсульт дамуының тәуекел факторына жататындар:

-жоғары артериалды қысым;

- алкоголь ішу, темекі тарту;

-қандағы холестерин деңгейінің жоғарылығы;

-жеткіліксіз физикалық белсенділі;

-дененің артық салмағы;

-жүрек ауруы;

- бұрын инсульт алуы;

-тұқымқуалаушылық.

Инсультті анықтау белгілері:

-қол мен аяқтың жансыздануы;

-бақылауды аяқасты жоғалту (адам қай жерде екенін түсінбейді, тілі күрмеледі);

-көздің қосарлануы, көру қабілетінің бұзылуы;

-жүрек айну мен лоқсу;

-бет ассиметриясы;

-анық емес және түсініксіз сөйлеу.

Бұл белгілерді байқаған кезде бірден жедел жәрдем шақыртыңыз.
Инсульттің алдын алу үшін артериалдық қысымыңызды қадағалаңыз, қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін тексеріңіз, алкоголь ішу, темекі тартпаңыз, қант пен тұз көлемін, тамақ рационында майлы асты шектеңіз, салмағыңызды бақылаңыз, таза ауада жиі болып, физикалық белсенді болыңыз, скринингтік медициналық тексерістен міндетті түрде өтіңіз.

 

«Тереңкөл ауданының ҚДСБ» РММ