Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Артериалді гипертонияның алдын алу

Қазіргі қоғамның негізгі проблемасы гипертония, ол жоғары қан қысымы ретінде де белгілі. Бақылаусыз гипертония соқырлыққа, аритмияға және жүрек жеткіліксіздігіне әкеледі. Әлемде әрбір үшінші адамда гипертония дамиды. Жоғары артериалды қысым инфаркт және инсульт сияқты қауіпті аурулардың пайда болуының негізгі факторларына жатады.
Тұрғындардың гипертония туралы аз білуі ауруға тиісті назар аудартуға кедергі келтіреді, ерте сатыда дәрігерге қараламуына себеп болады. Ал кез келген ауру бастапқы сатысында емделетіні ежелден ақ белгілі. Ауру бұл кезеңде еш белгі бермейді, тек артериалдық қан қысымы жоғары болады.
Артериалды гипертония – бұл алдын алуға болатын ауру!
Артериалды гипертония – бұл систоликалық артериалды қысымның с.б. 140 мм. немесе одан асуы, және диастолиялық қысымның с.б. 90 мм. немесе одан асуы. Артериалды гипертонияның пайда болуына шылым шегу, артық салмақ, ақ қозғалыс, алкогольді көп ішу, стресс әсер етеді. Тәуекел факторына жас ерекшелігі де кіреді (ер адамдар 55- тен жоғары , әйелдер 65 жастан жоғары), дислипидемия – қандағы холестерин и триглицеридтің көбеюі, ашқарынға глюкоза деңгейі 5,6 ммоль, жүрек-қантамырлары ауруларына отбасылық бейімділігі.
Артериалды гипертонияға душар болмау үшін не істеу керек:

-тұз, қант, майлы тағамдар пайдалануды шектеу;

-салмақты қадағалау;

- алкоголь ішу, темекі шегуден бас тарту;
-жас ерекшелігіне сай физикалық жүктеме болуы керек;

- скринингтік медициналық тексерістен міндетті түрде өту.